Эллинизм философиясы
Стоицизм мектебі - субъективтіліктің мәні неде деп сұрайды? Субъективтіліктің мәні сөзде, сөздің мазмұндық маңызында, яғни Лектонда, Лектон бұл - мән. Лектон дұрыс және теріс пікірлердің үстінде тұрады. Бұл жерде сөз жалпы талдау туралы болып жатыр. Лектон адамның ішкі дүниесінде де жүзеге асырылады. Сол кезде атараксия болады. Атаракся дегеніміз - көңіл-күйдің қалыпқа түсуі, болар-болмасқа селк етпеуі, күйінбеуі. Стоиктер дүниені дұрыс танып, оның логосын, заңын толық танып, сол заңмен үйлесімді өмір сүрсе, көңіл-күйі бір қалыпта, тыныштықта болады деп қарастырды. Стоицизм мектебінің өкілдері құмарлықтан азат жан берік болады деп санаған. Стоиктердің қойған мәселесі: егер адам түрлі заңдарға тәуелді болса, ол қандай шамада бостандықта болады? Бұл мәселемен қаншалықты айналысқанмен, философтар әрі күнге шешімін тапқан жоқ. Эпикур мектебі антика философиясының эллинизм кезеңінде дамыды. Эпикур гедонизмді негіздеді. Гедонизм – қанағат алуды ең жоғарғы игілік деп есептеді. Өмір сүруді жолаушының сипатымен салыстырды. Неоплатонизм - олар әлемдік иерархияда адам өз орнын сезініп, терең ойланып ұғынуды мақсат етуі керек. Жақсылық жоғарыдан, тұтас дүниеден келеді. Зұлымдық төменнен, материядан келеді. Зұлымдық негізгі нәрсе емес. Ол жақсылықпен байланысты емес. Адам зұлымдықты қабылдамауына болады. Оған бұл жағдайда материалдық емес құрылымның, дүние сатысының қай деңгейіне көтерілгені әсерін тигізеді. Ол сатылар мынадай:
- жан
- ақыл
- біртұтастық (яғни космос)
Бұл сатыларға сезім, ой және экстаз сәйкес келеді. Неоплатондықтар барлық жерде гармония мен әсемдікті көрген. Жақсылықтан туындағандардың бәрі сұлу, әсем. Адамдар - әлемдік ақылда (мировой разум) қалыптасқан сценарийді жүзеге асыратын актерлер. Неоплатондықтар антика философиясын аяқтады. Олар оны жоғарғы нотада аяқтады. Олар біртұтас игілікке шақырды. Одан кейінгі көкжиектің арғы жағында философтарды теоцентрлік мәселелер күтіп тұр еді. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.