Шөгу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шөгусұйықтық пен ұнтақтарды араластырып біріктіргенде, кеуіп көлемінің кемуі [1]; дайындаманың бір жағын қалыңдатып соғу; сұйық күйден қатайғанда, суынғанда, баспақталған ұнтақтар біріккенде немесе кепкенде зат көлемінің кемуі; металл немесе қорытпаның сұйық күйден қатты күйге айналғанда көлемінің кішірейуі.[2]

  • Көлемдік шөгу (Усадка объемная) — ерекшелігі қорытпаның суық және қатты күйіндегі тығыздығының әр түрлі екендігімен анықталады.
  • Құйманың шөгуі (Усадка отливки) — кұйма метаны көлемінің кішіреюі. Бұған оның химиялық құрамы, суытылу жылдамдығы және т.б. факторлар әсер етеді.
  • Металдын шөгуі (Усадка металла) — сұйық күйден қатты күйге көшкенде қорытпаның көлемдік және сызықтық өлшемдерінің қысқаруы.

Шөгу алаңшасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шөгу алаңшасы (Площадка для осадки) — дайындаманың биіктігін азайтып диаметрін үлкейтуге және оның бетіндегі отқабыршығын қағуға арналған алаң. Шығару уақытының есептелген интервалы. [3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6