Мазмұнға өту

Шығыс Померания шабуылы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шығыс Померания шабуылы
Негізгі қақтығыс: Екінші дүниежүзілік соғыс
Ұлы Отан соғысы
сурет
Дата

10 ақпан4 сәуір 1945 жыл

Орын

Померания, Германия

Нәтиже

КСРО жеңісі

Қарсыластар

 КСРО
Польша

Нацистік Германия

Қолбасшылары

К.К. Рокоссовский
Г.К. Жуков
С.Г. Поплавский

Генрих Гиммлер
Вальтер Вейсс
Дитрих фон Заукен

Тараптар күші

920 500 адам
75 600 адам

26 дивизия

Шығындар

55 315 қайтыс болды

90 мыңнан астам өлді

Шығыс Померания шабуылыҰлы Отан соғысы барысындағы ірі шабуыл операцияларының бірі.

54 күнге созылған операцияның басты мақсаттары Шығыс Помераниядағы фашистік күштерді жою және Балтық жағалауын босату болды. Ұрыс әрекеттері ұзындығы 460 шақырымға созылған майданда өтті.

Данцигке кірген кеңес әскерлері,
1945 жылдың наурызы

Операция барысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

10 ақпанда 2-ші Беларус майданының күштері шабуылға шықты. Бес күннің ішінде олар 15-40 шақырымға алға жылжыды. Эльбинг, Швец, Шенау қалалары осы күндері азат етілді.

15 ақпанда кеңес әскерлері Хойнице қаласына кірді, бұл ірі көлік торабында 6 теміржол мен 8 шоссе тоғысқан еді. Жақын арада Тухоля, Оше, Черск қалалары да құлады. 19 ақпанға қарай Қызыл Армия 50-70 шақырым жерді артта қалдырды.

1-ші Беларус майданының күштері Дейч-Кроне, Пиритц, Бан қалалары маңында, яғни ұрыс алаңының оңтүстігінде, әскери әрекеттерін жүргізді.

26 ақпанда Бальденберг, Поллнов, Шлохау, Штегерс қалалары азат етілді.

Нәтижелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1-ші мен 2-ші Беларус майдандары 54 қаланы және жүздеген кішігірім елді мекенді азат етті. 90 мыңнан астам неміс әскері өлді, 100 мыңға жуығы тұтқынға түсті. Кеңес әскерлері жаудың 850 танкісін, 430 ұшағын, 5500 зеңбірек пен минаатарын иеленді.

Фашистер Данциг пен Гдыняда орналасқан сүңгуір қайық шығаратын порттарынан және басқа да маңызды көлік тораптарынан айырылды. Поляктардың көптеген тарихи жерлері Польшаға оралды.