Шайқурайлар тұқымдасы
Шайқурайлар | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Үлгілік тегі | ||||||||||
Clusia | ||||||||||
Subfamilies | ||||||||||
|
Шайқурайлар тұқымдасы (лат. Clusiaceae, Guttiferae) – Көп жылдық, кейбіреулері біржылдық шөп сабақтас бұта кейде жартылай бұта құрайтын өсімдік. Жапырақтары кезектесіп те түптесіп те орналасады. Гүлдері қос жынысты, тостағаншалар мен күлтелері бес-бесеуден сары, қою қызыл түсті, тұқымы ұсақ. Қазақстанда шайқурай тұқымдасының жалғыз туысы бар.
Шайқурай туысы- Hypericum L. Бір, көп жылдық, шөп сабақтас, жартылай бұта құрайтын өсімдік. Жапырағының сыртында нүкте тәрізді қара кейде мөлдір түсті түктері болады. Күлтесі сары түсті бесеу, аталығы көп. Аналығы жоғары орналасады. Жемісі қос жақтаулы қауашақ. Ұсақ цилиндр тәрізді тұқымы көп. Қазақстанда шайқурайдың 7 түрі бар. Үлкен шайқурай ( H. ascyron L.). Өзендердің жағалауында, тоғайлардың сирек ағашты жерлерінде, тау бөктерлерінде кездеседі. Шілдеде гүлдейді. Тұтасымен улы өсімдік. Варлаковтың (1931) дерегіне қарағанда құрамында алкалоид бар. Халықтық медицинада жер үсті бөлімінен дәрі дайындайды. Гүлінен сары және қызыл бояулар алынады.
Түкті шайқурай- (H. hirsutum L.). Көбінесе дымқылды, шалғынды, ағашты жерлерде, төбелерде, қзендердің жағасында кездеседі. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Жапырағының құрамында 300 мг/процентке дейін С витамині болады. Халықтық медицинада асқазан ауруы мен туберкулезді, ал ертерек кезде суықтан болған түрлі ауруларды, демікпені емдеген.
Кәдімгі шайқурай немесе шайшөп (H. perforatum L.). Жайылымды жерде, тау беткейінде, сирек ағаш арасында, қарағайлар маңында өседі. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Сабағының ұшы, жапырағы мен гүлі дәрі дайындауға пайдаланылады. Гүлінің құрамында 0.09-0.11% эфир майы болады. Сондай- ақ өсімдіктегі илі, 10-12.4% дейінгі бояулы және шайыр заты жапырағындағы түгінде болады. Сонымен қатар онда каротин, С витамині бар. Кейбір деректерге қарағанда шайқурайдың жер үсті бөлігінде каротиннің мөлшері 32 мг/процент, ал С витаминінің мөлшері 254 мг/процентке дейін кездеседі. Өсімдік дәрісі ісіктерді қайтарады. Қанды тоқтатып, іріңдеуіне жол бермейді. Соңғы кездерде шайқурайдың спиртті тұнбасымен ауыз қуысында кездесетін жараларды емдеп, тіс түбі ісігіне пайдалануда. Әдебиетте шайқурайдың жүрек, қан-тамыр жүйесін емдеуде әсері мол екендігі жөнінде деректер бар. Шайқурайдың гүлі Батыс Еуропаға шығарылатын экспорттық заттардың бірі. Ал Мадаустың дерегіне қарағанда шайқурай жүрек пен бауыр жұмысын түзеп, бүйректі тазартады, түрлі жараны жазады. Ұйқы бездерін қалыпқа келтіріп, талма, қояншық ауруларын емдейді. Қайнатылған тұнбасын өкпе ауруына, тыныс тарылғанда, жөтелге, іш өткенде, бауыр, бүйрек ауруларына қарсы пайдаланады. Ревматизммен ауырғанда спиртті ерітіндісімен ауырған жерді ысқылайды. Арақ-шарап өндірісінде шайқурай түрлі тұндырма және ащы арақ жасау үшін пайдалы. Гүлінің құрамындағы бояғыш гиперицинмен жүннен жасалған матаны бояйды. Бағалы илі зат және бал береді.
Бұдырлы шайқурай (H. scabrum L.). Көбінесе тау бөктерінде, тасты,далалы жерде, өзен арнасында өседі. Мамыр айынан бастап шілде айына дейін гүлдейді. Гүлінен сары түсті бояу алынады. Өсімдік құрамында эфир майы бар. Гицерициннің мөлшері өсімдіктің жетіліп, дамуына байланысты. Қазақстанда шайқураймен тек ешкі ғана (180-і жаппай) уланған. Ал уланған 507 қойдың 194 өліп, қалғанын басқа жайылымға ауыстырғаннан кейін сауығып кеткен. Кейбір елдерде (Калифорния, Австралия, Тунис) шайқурай өскен жайылымға гербицидтер сеуіп, оны жояды. Уланған мал қасынып, денесінде жара пайда болады. Қышымасының күштілігі сонша, мал зақымданған жерінің жүнін жұлып тастайды. Көз айналасы терісін қасимын деп көзінің қарашығын да зақымдап алады. Қышымасы күн қызуында күшейіп кетеді. Сондықтан да шайқураймен уланған малды көлеңкеде ұстау керек.