Шабдар
Шабдар | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
|
Шабдар (лат. Aglaonema) – шаяноттар тұқымдасына жатады. Отаны Үндістан мен Малай архипелаг аралдары. 20-ға жуық түрі белгілі. Табиғатта гүлдегенмен, үй жағдайында гүлдету қиын. Гүлдеген жағдайда: гүлдеп болған соң әдемі қызыл жемістер береді. Шабдарды әдемі шұбар ала жапырақтары үшін өсіреді. Ұзынша жалпақ болып келген жапырақтары қысқа, тік сабақтарында орналасқан. Бірыңғай жасыл түстілері аса әдемі болмайды. Алажапырақтылары өте әдемі. Ашық жасыл түсті жапырақтыларында теңбіл, шұбар, сұрғылт түсті дақтары, сонымен қатар бетіне күміс жалатқандай жолақтылары да бар. Соңғы кезде жапырақтары түгелдей күміс жалатқандай сұрыпталған түрлері шықты.
Жарығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]бірыңғай жасыл түстілері алакөлеңкеде жақсы өседі, көлеңкеге де шыдамды. Алажапырақтылары жарықты қалайды, бірақ тіке түскен күн көзіне қоюға болмайды.
Жылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]жылуды жақсы көретін өсімдік. Қыста температура 16-180С төмен түспегені абзал.
Суғарылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]жазда жиірек, қыста сирек суғарады.
Ылғалдылығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ылғалдылықты жақсы көреді. Қысы-жазы су бүркіп тұрса, жапырақтарының ұшы қоңырқай тартпай жақсы өседі.
Қоректендірілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]көктем-жаз айларында айына екі рет минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.
Аурулары:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]өрмекші, кене, өсімдік биті, щитовка, ақ ұнтақ құрты зиянкестерімен ауруы мүмкін. Құрғақ және суық ауа өсімдікке зиян келтіреді. Жапырақтары ширатылып түсіп қалады.
Көбейтілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]түбін бөлу арқылы көбейтеді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727