Чуна
Көрініс
Чуна — Ресейдің Краснояр өлкесі мен Иркутск облысындағы өзен. Бирюса өзенімен бірігіп Тасеева өзенін құрайды (Ангараның сол саласы). Ұзындығы 1203 км, су жиналатын алабының ауданы 56,8 мың км². Бастауын Шығыс Саянның Уда тау жотасының беткейінен алып, тауаралық тар аңғармен, ортаңғы және төмен ағысында Орта Сібір таулы үстіртімен ағады; траптардан өткенде шоңғалдар түзіледі. Аралас толығады. Орташа су ағымы 300 м3/с. Чуна алабында жалпы ауданы 16,5 км² болатын 550 көл бар. Қарашада қатып, сәуірдің аяғында мұзы түседі. Ағаш ағызылады. Орта ағысында (189 км) жергілікті кеме қатынасы бар. Өзен бойында Нижнеудинск қаласы орналасқан.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |