Мазмұнға өту

Чиштийа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Чиштийа(парсы: چشتی‎) - сопылық (сунниттік) бауырластық, Шығыс Хорасанда пайда болып, XII - XIII ғ. қарсаңында Үндістанда қалыптасқан. Діни бастауын Әли б. Әбу Талиб, одан кейін Ибраһим б. Адһам (776 жылы өлген) мен Хасан әл-Басридан (728 жылы өлген) алады, 12 ана бауырластығына жатады. Чиштийаның негізін салушы - Әбу Исхах аш-Шами қожа (1097 ж. а). Ол месопотам сопылық мектебінің жолын ұстаушы, Ирактан Чишт қыстағына қоныс аударып, сонда мінажатхана ашқан. Чиштийа ілімі ерте кездегі шейхылар (малфузат) әңгімесі жазбаларында баяндалған. Онда байлық жинауды теріске шығарды; адам Аллаһқа жалбарына жүріп, өз қорегін еңбекпен табуы керек; бұл жолды ұстаған адам қарапайым адамдардың өз еркімен берген қайыр- садақасын алуға тиіс деп білді, қайыршылыққа тиым саяды. Сопының Құдаша қызметі - аш-жалаңашты тамақтандыру, азап шеккендерге қол ұшын беру және кедей-кепшікке көмектесу. Биліктің тұқым қуалау жолы Чиштийада жоққа шығарылды, ол тікелей тағайындау немесе сайлау арқылы жүзеге асырылды. XIV ғ-дың ІІ-жартысынан бұл тәсіл өкіметпен карым-қатынасқа түспеу принципі секілді жойылды. Чиштийа темекі, құмарлық шөбін тарту, ішімдік ішуге тиым саяды. Чиштийаны ұстаушы үш кезеңді (шариғат, тариқат, хакиқат) бастан өткереді, онда жолаушы (салик) 44 тыныстан (макамат) өтіп, 15 күйде (ахуал) болады. Инициация екі кезеңнен (қабыл алу және бағыштау) тұрады. Бағыштау - қабыл алудан кейін, 1000 күнге созылды. Чиштийада жеке және топтасып зікір салу, қырық күн ораза тұту рәсімдері орындалды. Чиштийа мүшесінің айрықша киімі - төрт сайлы, биік киіз қалпақ болып табылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1