Мазмұнға өту

Халықаралық велосипедшілер одағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Union Cycliste Internationale
Халықаралық велосипедшілер одағы
UCI
Спорт түрі Велоспорт
Аймақ Дүние жүзі
Қосымша мәлімет
Төрағасы Ирландия Патрик МакКуэйд
Штаб-пәтері World Cycling Centre
Chemin de la Mêlée 12
1860 Эгль
Швейцария
Құрылған жылы Париж, 14 сәуір 1900
Құрылымы
Басшы ұйым ХОК
Ұлттық қауымдастық  Қазақстан: ҚВФ
Эгльдегі World Cycling Centre орталығы
Эгльдегі World Cycling Centre орталығы
Ресми сайты
Портал  Портал суреті   Спорт

Халықаралық велосипедшілер одағы (фр. Union Cycliste Internationale, UCI) — халықаралық деңгейдегі велоспорт уақиғаларын бақылайтын велосипедтік қауымдастық.

Қауымдастық Бельгия, Франция, Италия, Швейцария және АҚШ ұлттық велоспорт федерацияларының өкілдерімен 1900 жылдың 14 сәуірінде Париж қаласында құрылған.

1965 жылы Халықаралық олимпиада комитетінің нұсқауымен кәсіпқой және әуесқой велошабандоздарды ажырату үшін екі бөлек федерация құрылды. Сол кезде Халықаралық әуесқой велоспорт федерациясының (Fédération Internationale Amateur de Cyclisme немесе FIAC) штаб-пәтері Люксембургте, ал Халықаралық кәсіпқой велоспорт федерациясының (Fédération Internationale de Cyclisme Professionnel немесе FICP) штаб-пәтері Рим қаласында орналасқан еді. UCI бұл екі федерациялардың арасында координациялық рөлін сақтады. 1992 жылы Шығыс блоктың ыдырағаныннан кейін екі федерация қайтадан UCI-ға қосылды.

Қазіргі кезде UCI штаб-пәтері Эгль (Швейцария) қаласындағы World Cycling Centre орталығында орналасқан.

Президенттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Патрик МакКуэйд, UCI-дің қазіргі президенті.
Президенттер Ел Қызмет еткен жылдары
Эмиль де Бакалор  Бельгия 1900—1922
Леон Бретон  Франция 1922—1936
Макс Бурги  Швейцария 1936—1939
Албан Коллиньон  Бельгия 1939—1947
Ахилл Жуэнард  Франция 1947—1958
Адриана Родони  Италия 1958—1981
Луис Пуг  Испания 1981—1990
Хайн Вербрюгген  Нидерланд 1991—2006
Патрик МакКуэйд  Ирландия 2006 — қазіргі уақыт

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]