Мазмұнға өту

Фэнтези

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Фэнтези (ағылш. fantasy – «қиял») – мифологиялық және ертегi мақам-сарындарын (мотив) қолдануға негiзделген фантастикалық әдебиеттiң жанры. Қазiргi өңі XX ғасырдың басында құрастырылды. Фэнтезидің қазiргi әлпетiнің қалыптасуына өткен ғасырдың ортасынан бастап Джон Рональд Руэл Толкиен орасан зор əсерін тигіздi. Оны кейбіреулер "фэнтези әкесі" деп те атайды.

Фэнтези шығармалары көбінесе, əрекеті шынайы орта ғасырға ұқсас ойдан шығарылған əлемде өрбитін, ал ондағы кейіпкерлер ғажайып құбылыстар мен жаратылыстарға тап болатын, тарихи-шытырман оқиғалы романдарды еске түсіреді. Фэнтези жиі архетиптік сюжеттер негізінде құрастырылған.

Ғылыми фантастикадан айырмашылығы - фэнтези шығарманың іс-əрекеті болып жатқан əлемін ғылыми тұрғыдан түсіндіруді көздемейді. Бұл əлем жорамал түрде ғана бар болып қабылданып, оның біздің əлемге қатысты орналасуы жиі еш ескертіліп өтпейді: бұл я параллелді əлем, не болмаса бөгде ғаламшар, ал оның физикалық заңдары жердегіден ерекше болуы мүмкін. Мұндай әлемде құдайлар, сиқыр, мифтік мақұлықтар(айдаhарлар, елфтер, гномдар, тролльдар, гоблиндер, кентаврлар жəне т.б.), елестер мен басқа да кез келген қиял-ғажайып тіршілік иелері ақиқи бар бола алады. Фэнтезиде болатын кереметтердің ертегілерде болатын кереметтерден ерекшелігі - бұлар сипатталынып жатқан əлем үшін дағды, қалыпты жайт болып табылады жəне табиғат заңдары сияқты жүйелі түрде жүзеге асады.

Фэнтези - бұл сондай-ақ кино, кескіндеме, компьютерлік және үстел ойындарының жанры. Мұндай жанрлық əмбебаптық шығыс жекпе-жектері элементтері бар қытай фэнтезиіне ерекше тəн (усяны қараңыз).

Болашақ жанрға ортағасырлық эпостар жəне серілік романдар үлкен ықпалын тигізді. Заманауи фэнтезидің алғашқы шығармалары XX ғасырдың басында пайда бола бастады. Олардың қатарына Эдвард Дансенидің «Эльфландия патшасының қызы»(1924), Роберт Говардтың «Конан»(1932), К. С. Льюистің «Нарния хроникалары»(1950-1956) секілді шығармаларды жатқызуға болады. Жанрдың əйгілі болуына Джон Рональд Руэл Толкиеннің «Сақиналар әміршісі» есімді 1954-1955 жылдары басылып шыққан романы септігін тигізді. Фэнтези жанрында дәл осы кезде мыңдаған жазушы-фантасттар жұмыс iстейдi.

Фэнтези жанрындағы фильмдердің басым көпшілігі кітаптар мен комикстер желісі бойынша түсірілген. Фэнтези жанрдағы ең танымал фильмдер:

  • «Конан-варвар» – Джон Милиус
  • «Уиллоу» – Рон Ховард
  • «Сақиналар әміршісі (кинотрилогия)» – Питер Джексон
  • «Эрагон» – Кристофер Паолини
  • «Гарри Поттер» - Дж. К. Ролинг романдарының желісі бойынша
  • «Нарния хроникалары» - Эндрю Адамсон
  • «Алиса ғажайыптар елінде» - Льюис Кэрролл кітабы бойынша

Қызықты факт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлы батыр Конан-Варвар құрметіне PokerDom аты аталатын ұяшықты құрды.[1]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Аңызға айналған Конан-Варвар. Мұрағатталған 28 қазанның 2019 жылы.