Фридрих Вёлер
(31.07.1800-23.09.1882)
Неміс химигі. Гейдельберг университетінің медицина факультетін бітірген (1823). Гейдельберг университетінде Л.Гмелиннің жетекшілігімен, Стокгольм университетінде Й.Я. Берцелиустың жетекшілігімен химиядан мамандандырылған. 1825-1831 жылдары Берлинде техникалық мектепте, 1831-1835 жылдары Кассельдің техникалық мектебінде, 1836 жылдан батап Геттинг университетінде жұмыс істеген.
Зертеулері бейорганикалық және органикалық химияға бағытталған. Студент жылдарында өз бетінше иодты циан мен сынап тиоцианатын алған. 1822 жылы циан қышқылын ашқан. Ю. Либихпен бірге фульминаттардың (күркірек сынаптың тұдарының) изомерисын айқындаған.
Бейорганикалық заттан табиғи органикалық заттың алғашқы синтезі болып саналтын аммоний цианатының сулы ерітіндісін буландару арқылы несепнәрді (мочевина) алыну мүмкіндігін дәлелдеген (1828). Либихпен бірге бензой қышқылының формуласын анықтаған (1832). "Ащы бадамгүл майының" туындыларын зерттеп (1832) бензой қышқылы - бензальдигит - бензоилхлороид - бензоилсульфит - қатарындағы айналымдарда (C6H5CO) тобы бір қосылыстан екіншіге өзгерусіз өтетінін тапқан. Бұл топ бензоил деп аталынған. Бұл жаңалық радикалдар теориясын қуаттайтын жайт болды. Либихпен бірге амигдалиннің ыдырауын (1837) жүргізді, несеп және бензолгексакарбон қышқылдары мен олардың туындыларын зерттеген (1838). Диэтилтеллур (1840, гидрохинон 1844) алынды; апиын алколоиды зерттелді (1844, амигдалиннен бадам (мендаль) қышқылы алынды 1847). Хлоридтерін калиймен қыздырып металдық алюминий (1827, береллий және иттрий 1828) алынды, кальций фосфатынан фосфор (1829), кремний және оның сутектік қосылыстары, хлоридтері (1856-1858), кальций карбиді және одан ацетилен 1862 жылы алынды. А.Э. Сен-Клер Девилмен 1857 жылы бордың, бор гидридінің, титанның, титан нитридінің таза препараттарын дайындады, азоттық кремниймен қосылыстарын зерттеді. Алғаш рет аралас күкіртті газ тотығының мыс-хром өршіткілерін - CuO * Cr2O3 дайындап, сынаған (1852), бұл химия тарихында катализде (өршуде) ең алғаш хром оксидінің қолданылуы болды.
Неміс химия қоғамының Президенті (1877) көптеген ғылыми академиялар мен ғылыми қоғамдардың мүшесі. Санкт-Петербург ғылым академиясының шетелдік мүшесі (1853).
Пайдалған әдебиет:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]С.К. Мырзалиева "Химия" (Балаларға арналған энциклопедилық анықтамлық Алматы 2012ж.)