Мазмұнға өту

Федерико Феллини

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Федерико Феллини
итал. Federico Fellini
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

20 қаңтар 1920 (1920-01-20)

Туған жері

Римини, Италия

Қайтыс болған күні

31 қазан 1993 (1993-10-31) (73 жас)

Қайтыс болған жері

Рим, Италия

Азаматтығы

 Италия

Мамандығы

режиссёр,
сценарийші

Белсенді жылдары

19451992

Марапаттары

«Оскар» (1957, 1958, 1964, 1975, 1993)
«BAFTA» (1978, 1987)
«Алтын пальма бұтағы» (1960)

IMDb

ID ID 0000019

Федерико Феллини (итал. Federico Fellini; 20 қаңтар 1920, Римини қаласы – 31 қазан, 1993, Рим қаласы; Римини қаласында жерленді) – италиялық кинорежиссер, сценарийші.

  • 17 жасында Флоренция қаласына келген Феллини карикатурашы болып еңбек жолын бастаған.
  • 1939 жылы Рим қаласына қоныс аударып, әр алуан, көптеген мамандықты (мысалы, репортерші, суретші, скетчтер авторы, көрмелерді безендіруші) игереді. Ол жоғары білім алмағанымен, кез келген қызметті сүйсіне, ғажайып тапқырлықпен жақсы атқаруы арқасында шынайы шығарм. өмір мектебінен өтті. Табиғи дарын қабілеті, ой-қиялының жүйріктігі мен өрістілігі, әсіресе, адамдармен жылдам тіл табыса алатын, адамға үйірсектігі нәтижесінде Феллини кейін нағыз парасат-пайымы терең, дүние жүзіне есімі кеңінен танылған кемел кино суреткеріне айналды.
  • Кинодағы алғашқы шығармашылық жолын сюжет пен сценарийлер авторы ретінде бастаған ол “Рим – ашық қала” (1945), “Пайза” (1947), т.б. неореалистік фильмдерді жасауға қатысты.
  • 1952 – 53 жылы қойған “Ақ шейх” пен “Шешесінің ұлдары” (кейінгісі Венеция қаласында өткен Халықаралық кинофестиваль сыйлығын иеленді) атты фильмдер оның алғашқы режиссерлік еңбегі болып табылады.
  • Әсіресе, 1954 жылы қойған “Жол” атты көркем фильмі (кезінде кеңес көрермендеріне “Жол кезушілер” деген атпен белгілі, Венеция қаласында өткен Халықаралық кинофестиваль сыйл., “Оскар” сыйл., 1956) Феллинидің және басты рөлді орындаушы италиялық актриса Дж. Мазинаның есімін дүние жүзіне танытты.
  • 1965 жылы өзінің алғашқы түрлі түсті “Джульетта мен перілер” фильмін қойып, өмір сүріп отырған қоғамның ішкі қайшылықтарын ашуға ұмтылды.
  • “Кабирия түндері” (1956) фильмі қайырымдылық пен бақытты өмірден күдер үзбеген қарапайым, бақытсыз әйелдің ащы тағдырын, жан қайғысын шынайы ашып бейнеледі.
  • “Тәтті өмір” (1959; Канн қаласында өткен Халықаралық кинофестиваль сыйл., 1960) фильмінде байлыққа белшесінен батқан жандардың өз өмір тіршілігін бос даурықпа, мағынасыздықпен текке өткізуін өткір сынға алса
  • “Сегіз жарым” (1962; Мәскеу қаласында өткен Халықаралық кинофестиваль сыйл. және “Оскар” сыйл., 1963) фильмі арқылы күнделікті тұрмыстың әсер-ықпалымен шығармашылық тоқырауға ұшыраған әйгілі кинорежиссердің трагедиясын көрсетті.
  • 1969 – 72 жылы “Сатирикон-Феллини” және “Рим”, сондай-ақ бұдан кейінгі жылдары “Аморкорд” (1973; Оскар сыйл.), “Оркестр репетициясы” (1979), “Әйелдер қаласы” (1980), “Джинджер мен Фред” (1985), “Сұқбат” (1986) пен “Ай үні” (1990; “Оскар” сыйл., 1993) фильмдерін қойды. Бұл фильмдерге көбіне өз өмірін арқау ете отырып, шаттыққа толы карнавалдық қиял, мысқыл, метафора, трагедиялық пен комедиялық бояуды молынан қолдану әрі оларды өзара шебер шендестіру арқылы және жаңашыл, көркем, тосыннан туған тың тәсілдерді тауып отыруымен ол 20 ғасырдағы дүниежүзілік кино өнерінің өркендеуіне зор үлес қосты.
  • Феллини фильмдері кезінде көптеген Халықаралық кинофестивальдар сыйл-на ие болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Federico Fellini