Мазмұнға өту

Фахверк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Фахверк (нем. Fachwerk; Fach – қада тақтай, Werk – құрылыс, жүйе):

  1. құрылыс сыртынан салынатын қорғаныш конструкцияның қаңқасы. Ол қабырға салмағы мен сыртқы жел әсерін өзіне қосымша қабылдап, оны негізгі каркасқа түсіріп тұрады. Фахверк көбінесе қада-тіреу, кей жағдайда көлбеу таяныш түрінде қойылады; өнеркәсіптік ғимараттар кешені қоршауының қаңқасы.[1]
  2. каркас үй қаңқасының бір түрі. Қабырға қаңқасын “Фахверктік” үлгімен тұрғызу орта ғасырларда Батыс Еуропада кең тарады. Мұндай үйлердің Фахверкі көлденең, тік немесе көлбеу қағылған ағаш қадалар мен арасы балшық пен кірпіш толтырылған тіреуіштерден тұрғызылады. Фахверк конструкциясы климаты жылы Батыс Еуропа елдерінде, көбіне көп қабатты емес құрылыстарда, сондай-ақ от жағылмайтын шаруашылық немесе қосалқы құрылыстарда да қолданылады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Фахверк