Уикипедия:Вандализм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лақап:
УП:В
УП:ВАНД

Уикипедиядағы Вандализм — энциклопедияның беделі мен абыройын төмендету мақсатында мақала мазмұнын өшіру немесе өзгерту арқылы қасақана жасалған әрекет. Көбіне мақаладағы тақырыпқа мүлде қатысы жоқ, басқа мазмұндағы, балағаттау түрінде көрінеді. Вандализм көпшілік ойлағандай аса қатты мәселе тудыра қоймайды, себебі барлық өзгертілген мақалалар арнайы базада сақталады, осылайша вандалдар ақпаратты толығымен жоя алмайды. Мақаланың бұрыстығын, қателігін байқаған Уикипедия қатысушысы мақаланың алдыңғы дұрыс нұсқасына өзгерте алады, бұл соншалықты қиын емес. Уикипедиядағы вандализмнің әрекеттері тез арада жойылады. Энциклопедия ішінде вандализмге тыйым салынады. Редакторлар вандалдарды ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі мүмкін. Админдер тарапынан вандалдарға қатысты ондай жұмыстар жүргізу міндетті емес.

Өңдеу қате, консенсуске қарсы, мақалаға зардап тигізетіндей, энциклопедияны дамытуға бағытталған қадам болса, онда ол вандализм емес. Қарама-қайшы өңдеу де вандализм емес. Уикипедияға пайдалы және зиянды өңдеулер арасын ажыратып алу кейде қиын болып жатады. Жақсы мақсатта жасалған өңдемені вандализм деп белгілеу бұрыс қадам.

Вандализм анықталған жағдайда өңдемелерін жоққа шығару керек. Қатысушы тарапынан вандализм қайталана берген жағдайда админдерге шағым жазу керек. Админдер ол қатысушыны (IP иесін) бұғаттау арқылы мақаланы бұзылудан сақтау керек. Вандализм анық болған жағдайда алдын ала ескертусіз бұғаттау рұқсат етілген.

Вандализм түрлері

Вандализм мақсаты және оны табу әдісі мен күрделілігі бойынша түрлерге бөлінеді.

Мақсаты бойынша

  1. Әзіл ретіндегі вандализм — әзіл ретіндегі мақалаларды қосу немесе бар мақалаларды әзіл ретінде өзгерту.
  2. Назар аудару мақсатындағы вандализм — мақалаларға жәбірлеулер қосу, "орынсыз шабуыл-мақалалар" құру.
  3. Спам-вандализм — өзін-өзі жарнамалау үшін қабылданбайтын сыртқы сілтемелер қосу.
  4. Идеологиялық вандализм — "орынсыз шабуыл-мақалалар" және бейтараптылықты төмендететін өзгертулер енгізу.
  5. Мистификация — Уикипедияның абырой-беделін түсіру мақсатында жалған ақпараттар қосу және/немесе оны қолданушыларды ыңғайсыз жағдайға қалдыру. Сонымен қатар қатысушының қорғайтын көзқарасына жалған негіздеме құру мақсатында.

Вандализмді анықтау

Вандализмді анықтаудың тиімді тәсілдері:

  • Жуықтағы өзгерістерді бақылау барысында күмәнді өңдеулерді анықтау
  • Тұрақты түрде бақылау тізіміңізді бақылап отыру
  • Мақаланың өңделу тарихын салыстыру

Аталып өткен үш тәсілді пайдалану кезінде IP адрестерден, пайдаланушы есімі қызыл түсті (ешқайда сілтемейтін), аты-жөні ойдан шығарылғандарға басты назар аудару керек. Сондай-ақ бақылау беті, жуықтағы өзгерістер және т.б. жерлердегі вандализмге келуі мүмкін кез келген әрекетті тексеріп көру керек. Тәжірибемен бірге қай өңдеме вандализм, қайсысы вандализм емес екендігін анықтау мүмкіндігі артады. Вандалдардың басым бөлігі әрекеттерін Уикипедияға тіркелмей жасайды. Бірақ IP адрес арқылы өңдеушілер арасында Уикипедияға көп пайдасын тигізіп жатқандар да бар. Вандализмді тиімді анықтауда жуықтағы өзгерістерді тұрақты түрде бақылап отыру көмектесе алады.

Вандализмге жауап беру

Бастаушыларға

Вандализмге қалай жауап бермеу керек

Сабырлық сақтап, өңдеу батырмасын басыңыз.


IP адрестерді анықтау

IP адрес иелерін төмендегі сілтемелер арқылы табуға болады:




Вандализм түрлері

Уикипедиядағы вандализм төмендегі категориялардың біріне немесе бірнешеуіне жатуы мүмкін:

Тегтерді көп пайдалану

Мазмұнға тікелей қатысы жоқ {{жж}} немесе басқа да үлгілерді орнату. Сонымен бірге мақала ішінде орналыстырылған {{ереже}} және басқа да қатысты үлгілерді себепсіз алып тастау.

Провакациялы қатысушы есімін тіркеу

Вандализм тұрғысынан агрессивті, не басқа да қарсы әрекеттерге саятын белсенді немесе белсенді емес пайдаланушы атырын жасау. Уикипедияда пайдаланушы атына байланысты ережелерді білу үшін Уикипедия:Қатысушы аты бөлімін қараңыз. Қосымша: Уикипедия:Көпжүзділік.