Уикипедия:Администраторлар мен бітікшілерді сайлау ережелері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

АдминистраторларАдминистраторларды сайлауАдминистратор құқығынан айыруАдминистраторлар форумыБітікшілерБітікшілерді сайлауБітікші құқынан айыруСайлау ережелері

Әкімшіге кім үміткер бола алады?

Келесі талаптарды қанағаттандырған қатысушы Уикипедияның әкімші дәрежесіне үміткер бола алады:

  • Уикипедияның қазақ тілді бөлімінде тіркелген уақыты: кем дегенде 6 ай;
  • Өңдеулер саны: кем дегенде 1500;

Осы айтылған талаптардың біріне сәйкес келмейтін үміткерлерді, Уикипедияның бітікшілері дауыс беру құқынан айырады.

Бітікшілікке кім үміткер бола алады?

Бұрын дауысқа түскен немесе өкілдіктен айрылған үміткерлер

Бұрын дауысқа түскен, алайда қоғамдастықтан жеткілікті қолдау көрмеген немесе дауыс беру басталған соң үміткерліктен бас тартқан, әкімші немесе бітікші өкілеттілігінен айрылған үміткер, ұсыну мен өкілеттіліктен 3 ай өткен соң екінші рет әкімші немесе бітікші қызметіне өзін ұсына алады.

Админдер мен бітікшілер сайлауында кім дауыс бере алады?

  • Уикипедияда тіркелген уақыты: кем дегенде 2 ай
  • Өңдеулер саны: кем дегенде 100
  • Үміткерлікке (кандидаттыққа) ұсыну сәтінен бұрын соңғы 1 айда бір немесе одан да көп өңдеу жасау керек (үміткерлікке ұсынылған күніндегі және одан кейінгі өңдеулер саналмайды).

Үміткерлерді бітікші мен админдікке ұсыну тәртібі

Бітікші немесе әкімші үміткерлігі ереже бойынша өз бетімен жүреді, дегенмен оны ережеге сай бітікшілер мен админдерді сайлауда дауыс беруге құқы бар қатысушы ұсына алады. Мұндай жағдайда үміткер, Уикипедияда сайлау болған жағдайда дауыс беру бетінде бітікшілер мен админдердің міндеттерін өзі қабылдап алатындығын растау керек. Ең дұрысы өз бетімен ұсыну, бұл деген үміткердің жүктелген жауапкершілікті толығымен түсініп, дайын болғаны.

Бітікшілер мен админдерді сайлау тәртібі

Үміткерлерге дауыс беру мен талқылауда Уикипедияның әрбір қатысушысы бір ғана пайдаланушы атын қолдана алады, тек осы атпен дауыс беруші мен үміткердің біліктілігі есептелінеді. Дауыс беру барысында Уикипедия ережелерін бұзуға тыйым салынады. Аталған міндеттерді бұзу арқылы берілген дауыс, бітікшілер тарапынан себебі көрсетіліп, тізімнен алынады.

Бітікшілер мен админдерді сайлауға дауыс беру — үміткерлікке келісім алған кезден басталып, 21 күн өткен соң (сағат 19:00 UTC, халықаралық координация уақыты бойынша) аяқталады.

Ережеге сәйкес («қолдаймын» + «қарсымын») дауыс беруге құқылы қатысушылардың берген жалпы дауыс саны админдер сайлауында 15, ал бітікшілер сайлауында 50 (25?) дауыс жиналса дауыс беру расталды деп есептелінеді.

Дауыс беру қорытындысын Уикипедия бітікшілерінің бірі шығарады. Ол дауыс беру нәтижесі бойынша үміткерге пайдаланушылар тізіміне сәйкестенген техникалық «бітікші» немесе «админ» жалаушаларын иемденуге әлде иемденбеуге шешімді де қабылдайды.

Егер үміткер дауыс беруге құқылы дауыс берушілердің жалпы санынан 3/4 (75%) дауыс жинаса — әкімшілікке не бітікшілікке сайланды деп есептелінеді.

Бітікші «қолдаймыз» дауысының бекітілген пайыздық қатынасы бойынша шешім қабылдайды.

Тым көп мөлшердегі «виртуалдармен» байланысты ауыр жағдай туындаса немесе мәртебеге лайықсыз болып табылған үміткердің іс-әрекеті белгіленсе, бітікші оған мәртебе беруден бас тарта алады (толық себебін көрсету керек). Бітікші қоғамдастықтың пәтуәсінсіз әкімшіні немесе бітікшіні өз бетінше сайлай алмайды.