Тыныс алу
Тыныс алу — ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет, сондықтан, тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды, сондықтан, ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасын қабылдайды, оның иісін анықтайды. Ауыз қуысы дегеніміз — тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т.б.) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тыныс алу және ас қорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы — өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек). Мұның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры). Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтан.
Көмекей жартылай сақиналы шеміршектерден тұратын түтік - кеңірдекке ұласады. Кеңірдек өңештің алдыңғы жағында орналасады, сондықтан, ішкі жағында және жартылай сакиналар аралығында жұмсақ дәнекер ұлпатек болады. Соның арқасында ас жентегі кеңірдек шеміршегіне қысым түсірмей, өңешпен еркін жылжиды. Кеңірдек екі ауатамырларға тармақталады. Ауатамырлар шеміршек сақиналарынан құралады. Олар бұрынғысынан да ұсақ ауа тамырлық тармақшаларға (бронхиолдарға) тармақталып, өкпе ішінде «бронхиолды ағаш» түзеді. Ауатамырлық тармақшалардың ең ұсақтары өкпе көпіршіктері - альвеолдармен аяқталады. Көпіршіктердің әрқайсысын қан тарату қылтамырлары торлап жатады. Оларда веналық қан болады, ол оттегіне қанығып, артериялық қан болып шығады. Гемоглобин көмірқышқыл газды беріп, оттегін қосып алады (карбогемоглобиннен оксигемоглобинге айналады). Өкпе көпіршіктері және веналық қылтамырлардын кабырғасы арқылы газ алмасады. Өкпе альвеолдар жәрдемімен өте қан ұяшықтарға бөлініп, газалмасатын үстіңгі қабаттың көлемін өте ұлгайтады. Қанның оттегіне қанығуына өкпедегі ауа құрамы алмасады. Атмосфералық ауа (тыныс алғанда) құрамында 21% оттегі және 3% көмірқышқыл газы болады. Өкпе арқылы (тыныс шығарғанда) өткен ауа құрамында 16% оттегі және 4% көмір қышқылы қалады. Ауадағы азот мөлшері өзгермейді (74%). Өкпе қызметың маңызды көрсеткіші ӨТС-өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы. Бұл өте терең тыныс алған соң адамның тыныс шығара ала-I ми пуп мөлшері. Оның орташа мөлшері 3,5 л немесе 3500 см3. Жаттыққан адамдарда ӨТС бұдан көбірек (5-7 л және одан артықтау) болады. ӨТС неғұрлым жоғары болса, өкпе соғұрлым жақсы қызмет атқарады.
Өкпе жұптасқан мүше. Оң жақ өкпе үлкен және үш бөлікке, ал сол жак өкпе жүрек есебінен екі бөлікке бөлінеді. Өкпені сыртынан тегіс дөнекер түптек (ұлпа) - өкпесіріқауызы (ішкі) қаптайды. Ол өкпемем тұтасып кеткен, оларды ажыратып алу мүмкін емес. Кеуденің (қабырғалар, қабырға аралық бұлшықет және көкет) ішкі жағына сыртқы тарақ - сыртқы сіріқауыз тұтасып кетеді. Сіріқауыздың екіта-рақтарының аралығында мөлшері 1-2 мм шағын кеңістік бар. Бұл -сіріқауыздық куыс. Оған сіріқауыздық сұйықтық толы болады. Соның арқасында өкпе кеудеге берік жалғасатындықтан, біз тынысалу қимылдарын іске асырамыз. Егер қабырға аралық бұлшықеттер мен көк ет жиырылса, одан кеуденің көлемі және соғни сөйкес өкпенің көлемі арта түседі. Бұл тыныс алу жүзеге асу жолы. Егер қабырға аралық бұлшықеттер мен көк ет босаңсыса, онда кеуде мен өкпенің көлемі кішірею есебінен тыныс шығарылады. Тынысалу жүйке гуморальды жолмен реттеледі. Тынысалу орталыгы сопақша мида орналасады. Ол тыныс алу және тыныс шығарудың рефлекторлық алмасуын реттейді. Тынысалу рефлексінің коздырғышы қандағы көмір қышқыл газының артуы болып табылады. Артериялардағы химиялық рецепторлар қозады да қимыл нейрондарының бойымен жұмыс мүшелеріне: қабырғааралық бұлшықеттерге және көк етке сигнал түседі. Олар жиырылып, кеуде және өкпе көлемін ұлғайту арқылы тыныс алып, оған жауап кайтарады. Симпатикалық жүйке жүйесі, адреналин және тироксин тыныс алуды тереңдетіп, жиілете түседі. Ал парасимпатикалық жүйке жүйесі тыныс алуды баяулатады. Жөтел және түшкіру тынысалудың қорғаныш рефлексі болып табылады. Оларды мұрын немесе көмейдің сілемейлі қабырғасына иіс немесе еріксіз әсер тітіркендіреді. Оған мұрын арқылы (түшкіру) немесе ауыз арқылы (жөтел) кенет тыныс шығару жолымен жауап қайтарылады.[1]
Тыныс алу формуласы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Майлар(нәруыздар, көмірсулар)+оттек=көмірқышқыл газы+су+энергия
Аэробты: C6H12O6+O2->H2O+CO2+36АТФ
Анаэробты: C6H12O6->C3H6O3(2АТФ)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |