Тура ату

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тура ату (орыс. прямой выетрел) — снаряд (оқ) траекториясы белгіленген нысана биіктігінен көтерілмейтін атыс қаруынан ату. Тура атудың қашықтығы снарядтың бастапқы жылдамдығы мен нысана биіктігіне байланысты. Қарудың атыс кестесінде карудың горизонтында орналаскан, белгіленген биіктіктегі (0,5 м., 2 м., 2,7 ы., 3 м.) нысана бойынша қалыпты жағдайда атыс жүргізу үшін Тура ату қашықтығы көрсетіледі. Тура атудың қашықтық аумағындағы атысы осы қашыктыққа сай келетін тұрақты қондырылған нысанада жүргізіліп, қарудың көздеуін жеңілдетіп тездетеді. Бұл жылжымалы нысаналарды атуда ерекше орын алады. Осы жағдайда, атыс қашықтығын және биіктік бойынша нысананы үздіксіз өлшеу қажеттігі керек болмайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл