Мазмұнға өту

Троцкизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Троцкизм - ұзақ тарихы бар идеялық-саяси солшыл қозғалыс. Оның негізін қалаушы Қазан төңкерісін ұйымдастырушылардың бірі Л.Д.Троцкий (1879-1940) елден аластатылғаннан кейін IV Интернационалды құрды. Бұл ұйым өміршең болмады, бүгінгі күні Батыc Еуропада, АҚШ-та, Латын Америкасы мен Азияның бірқатар елдерінде бірнеше орталықтары бар. Бұл саяси ағымның теориялық тұжырымының негізін троцкистік перманентті (лат. permanentis - тұрақты, үздіксіз) төңкеріс доктринасы құрайды. Төңкерістің үздіксіздігі туралы идеяны алғаш Маркс пен Энгельс ұсынғанын айта кету керек. Троцкийдің түсінігіндегі төңкеріс перманенттігі сәл басқаша мағынаға ие. Социалистік төңкерістің дамуын ол тек ішкі әлеуметтік-экономикалық шарттармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы факторлармен байланыстырады. "Перманентті төңкеріс" еңбегінде Троцкий былай деп жазды: "Пролетариаттың билікті жаулап алуымен төңкеріс аяқталмайды, керісінше ол тек басталады. Социалистік құрылыс тек ұлттық және халықаралық деңгейдегі таптық күрес негізінде ғана жүреді. Бұл күрес - міндетті түрде ішкі, яғни азаматтық және сыртқы төңкерістік соғыстарға әкеледі". Бұл идеялық қағидалардан төңкерістің саяси қағидалары басқа елдерге тарап жатты. Ол елдер дамуы кенже қалған елдер ме, жоқ әлде дамыған, демократия мен парламентаризмнің тұғыры мықты орныққан мемлекет пе оған аса мән берілмеді. Осылайша, Троцкий өзінің перманентті төңкеріс доктринасын іс жүзіне асыруға талпынды. Дегенмен, әлемдік төңкеріс орнату идеясы сәтсіз аяқталды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3