Транспорт географиясы
Транспорт географиясы – географиялық еңбек бөлінісінің негізгі саласы. Көліктік тасымалдың аумағы мен құрылымы, көлік желісі мен жүк тасқындарының географиясы өндіргіш күштердің орналасуын көрсетеді, көлік (көлік-географиялық) үдерісті сипаттайтын экономикалық географияның тарауы.
Көліктің өзі де кәсіпорындарының, салалардың, аудандардың және елдердің мамандануы мен кооперациялануына жағдай туғыза отырып, осы орналасуға пәрменді ықпал жасайды. Соның арқасында көлік қандай болсын өндіріс үрдісінің табиғи жалғасы қызметін атқарады.
Бүкіл қатынас жолдары, көлік кәсіпорындары және көлік құралдары қосылып, дүниежүзілік көлік жүйесін құрайды. Бүкіл дүниежүзілік көлікте 100 млн-нан астам адам жұмыс істейді. Дүниежүзілік көлік желісінің жалпы ұзындығы 32 млн шақырымнана асады. Жыл сайын дүниежүзілік көліктің барлық түрлерімен 100 мың тоннадан астам жүк және 1 трлн-ға жуық жолаушы тасымалданыды. Бұл тасымалдарға әлденеше млн көлік құралдары қатынасады.
Дүние жүзіндегі бірінші метрополитен жолы 1863 ж. Лондон да, екіншісі – 1868 ж. Нью-Йоркте салынды. Қазіргі кезде метроплитендер дүние жүзінің 70 қаласында жұмыс істейді. Ең ұзыны Лондон, Нью-Йорк, Париж, Мәскеу метрополитендерінің жолдары.
Автомобиль көлігі қала ішіндегі және қала маңындағы жолаушы тасымалында алдыңғы орын алады. Пайдаланудың оралымдығының, арқасында оның қалааралық және халықаралық жолаушы тасымалындағы ролі артып келеді. Теңіз көлігі халықаралық сауданың басым көпшілік бөлігін қамтамасыз етеді, әуе көлігі жолаушыларды орта және әсіресе алыс қашықтықтарға тасуда үлкен орын алады.
Құбыр көлігі. Мұнай, табиғи газ көп өндірілетін немесе олар мол тұтынылатын елдер мен аймақтарда барынша дамыған.
Теңіз көлігі географиясына дүние жүзілік теңіз трассаларының аса маңызды тораптары халықаралық теңіз каналдары өте үлкен әсерін тигізеді. Бұл бірінші кезекте олардың ішіндегі аса маңыздылары – Еуропа мен Азия порттарының арасындағы жолды 2-3 есе қысқартатын Суэц каналы мен Панама каналына қатысты. Сонымен бірге Ла-Манш, Гибралтар, Ормуз, Малакка т.б. теңіз бұғаздары үлкен роль атқарады.
Көліктің жыл сайын айналадағы ортаға кері ықпалы да өсіп келеді. Атмосфераны басты ластаушы автомобиль көлігі, автомобильдердің дүние жүзілік паркі 500 млн машинадан асты. Атмосфераны әуе көлігіде әлденеше мың ұшақтың шлейфтерімен, темір жол көлігі, қатты бөлшектермен ластайды. Көліктің осы түрлері “шуымен ластайды”, құрлық жол көлігі жерді бөліп алады. Су көлігі гидросфераның ластануының маңызды көзі, ол әсіресе мұнай алып жүретін флоттың жұмысымен байланысты. [1]
Көлік георафиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Экономикалық білімнің маңыздылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шаруашылықтың салалық құрылымы, өнеркәсіптерді экономикалық ұйымдастыру ерекшеліктері, қорларды сақтау, шағын бизнес, сауда т.б. оқушыларда экономикалық білімді қалыптастырады. География ғылымы қазіргі кезде баяндаушы – энциклопедиялық ілімнен конструнтивті айналғаны бәрімізге мәлім, оның жалпы қоғам өміріндегі маңызына, сол сияқты экономикалық – геграфиялық білім мен біліктің қоғамның әрбір мүшесінің іс-әрекетіне, қажеттілігіне түсінік қалыптастырады. Уақыт талабына сай экономикалық және әлеуметтік географияны оқып үйрену барысында, адам өмірі мен оның шаруашылықтағы іс-әрекетінің бір-біріне тигізетін әсеріне оқушылардың көңілін аудару қажет. Бұл үрдісті адамның тіршілік жағдайын жақсартуға бағытталған зеттеулерде, оның басты орын алатынын айқындай отырып, географияны оқытудың қазіргі жаңа заманғы әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет. Қорыта айтқанда, мазмұнын ізгілендіру және әлеуметтендіру принциптерін пайдалану, аймақтық және жергілікті материалдарды енгізу, оқушылардың біліктілігін көтеру яғни олардың өмірін компетенциясын қалыптастыру негінде жұмыс жасалады. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі жылдар бойы күйзеліс-дағдарысқа ұшырап, құлдыраудан кейін даму жолына түсті. Ірі қоғам қайраткері Н.Нұрмақов үкімет басшысы ретінде ел экономикасына үлес қосқан, яғни Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәнінде, халық шаруасы бөлімін оқығанда. «Қазақстан құрылысы», « Нұрмақов өнеркәсіпті қалпына келтіруші», «Қазақстандағы сауда қатынасаның дамуы», «Түркістан-Сібір магистралі» атты еңбектерін пайдалануға болады.
Көлік географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көлік географиясы тарауын қарастырғанда Қазақстан экономикасын өркендету үшін, кең байтақ қазақ жерін ғасырлар бойы толастамаған керуендер легін 20-шы жүз жылдықтың басында теміржол алмастырды. Соның ішінде Ұлы Жібек жолының сүрлеуін жаңғыртқан Түркісб теміржолының желісінің маңызы отандық көлік жүйесінде елеулі болып қала бермек. Яғни, Түркістан аймағынан Сібірге мақта және керісінше Жетісуге Сібір жеріндегі арзан астықты жеткізуді жеңілдету мақсаты қарастырылған болатын. 1958 жылы Түркістан-Сібір темір жолы Қарағанды теміржолымен қосылып, қазақ теміржолы болып құрылды. Осы жылдары Ақтоғай станциясынан Қытайдың шекарасындағы Достық станциясына салынды. Сонымен Транс Азиялық теміржолдың жетекші жүйесіне айналды.
Өнеркәсіп географиясының ауыл шаруашылығы саласы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өнеркәсіп географиясының ауыл шаруашылығы саласын оқығанда Н.Нұрмақов басқарған үкіметтің ауылшаруашылығын қалпына келтіру, оның стихиялығын жойып, тиімді дамудың жолына түсіру, мемлекет тарапынан қолдау жасау керек екенін көре біліп, ол ұйымдастырған көмек, қолдау Қазақстандағы егін шаруашылығы, мал шаруашылығының қалпына келтірудегі маңызы зор болды. Үкімет қызметінің мәнін дұрыс түсінуден басқа шаруашылығының дамуына жағдай туғызу, көзін ашу деп білді.
Шаруашылық салықтардың реттелуі, ауылшаруашылық бөлінісі арқылы несиенің бөлінуі, ұсақ меншік түрлерінің дамуына еркіндік беру, техникаға деген сұранысына үкіметтің дәнекер болуы, жәрмеңкелерді ашып, оған тауар әкелуін ынталандыру сияқты шаралардың барлығы, сол жылдардағы ауыл-шаруашылығының дамуына әсер еткені даусыз. Бұл іс әрекеттерден нарықтық эконоиканың элементтерін көруге болады.
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы бөлімін қарастырғанда, Н.Нұрмақов сауда филиалдарының қызметіне еркіндік беретіндігін, олардың жұмысына губерния басшылығының ешбір кедергі жасамауына нұсқау беруі, сауда экономикасының жедел, шапшаң дамуының көзін ашатын мүмкіндік деп түсінгендігі; Республикалық бюджетті толықтырудағы нақты үлесі бар жолдардың бәрі осы саудада болатын. Сондықтан ішкі-сыртқы сауданы дамыту Н.Нұрмақов басқарған үкімет мынадай жеңілдіктер ұсынады:
1) Салық түрлерінен босату.
2) Қыркүйек пен тамыз айларында темір жол ақысын 20 пайызға азайту.
3) Жәрмеңкелерге әкелінетін тауарларды сақтандыру графиктерін жеңілдету.
4) Тауарларды тасуға қысқа мерзімдік қарыз ақша бөлуге банктерге нұсқау беру сияқты т.б.
Сонымен қатар, қазақ сауда мекемесінің Карск экспедициясына қатысуна, экспорт-импорт тауарларға сұраныс беруіне. Солтүстік мұзды мұхиты арқылы Лондонды және Обь өзенінің арналарымен Омбыға дейінгі аралығы байланыстырған сауда жолы болды. Сол жылдары сырқы сауда тауарларының көпшілігі Лондон мен Батыс Қытайға жөнелтілген. Бұл сауда байланысы Қазақстанның экономикасының дамуына әсер еткені белгілі. Қоғам қайраткері сол заманның өзінде нарықтық экономика негізінде шаруашылықты басқара отырып, сыртқы экономикалық байланыс, сауда жеке меншік негізінде басқаруға мән беруін ерекше атауға болады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|