Тотипотенттік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тотипотенттік - (латынша totus – барлығы, тұтас және potentіa – күш) – өсімдік клеткаларының ядродағы генетикалық ақпарат негізінде онтогенетикалық даму бағдарламасын толық жүзеге асырып, тұтас организмге айналу және ұрық түзу қабілеттілігі.

Қазіргі кезде Тотипотенттік қасиеттің толық жүзеге асуы өсімдік клеткаларын іn vіtro (жарық, температура, т.б.) жағдайында өсіру арқылы іске асады. Сондай-ақ Тотипотенттікті қасиетті диплоидты сомалық (грек. soma – дене, 2n) және гаплоидты репродуктивті жыныс клеткалары (n) да жүзеге асырады. Диплоидты денелік клеткалардан алынған өркендер ұрық түзуге қабілетті болады. Алайда гаплоидты өсімдік-регенераттарынан ұрық алу үшін оларды (колхициндеу арқылы) диплоидтық деңгейге өткізу керек. Тотипотенттік қасиеттің толық жүзеге асуына донорлық өсімдіктің генотипі мен оның физиол. даму жағдайы және қоректік орта құрамы әсер етеді. Сонымен қатар өсімдік клеткасындағы эндогендік гормондар деңгейінің де маңызы зор. Жануарларда Тотипотенттік қасиет тек ішекқуыстылардың кейбір клеткаларына тән. Ал қалған жануарларда олардың клеткалары эмбриогенездің алғашқы сатысында тіндік қабілетке ие болады.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.