Тони Кроос

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тони Кроос Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

4 қаңтар 1990 (1990-01-04) (34 жас)

Туған жері

Грайфсвальд, Германия

Азаматтығы

Германия

Бойы

182

Салмағы

78

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
2007—2014 Германия Бавария 130 (13)
2007—2008  Германия Бавария II 13 (8)
2009—2010  Германия Байер 04 43 (10)
2014—2024 Испания Реал Мадрид 306 (22)
Ұлттық құрамы[* 2]
2010—2024 Германия Германия 114 (17)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Тони Кроос(нем. Toni Kroos, 1990 жылы 4 қаңтар 1990 жыл, Грайфсвальд қаласы, Германия) — неміс футболшысы, жартылай қорғаушы. 2014 жылғы әлем чемпионы.

2007 жылы 26 қыркүйекте алғаш рет Бавария сапындағы алғашқы ойынын Бундеслигада «Энерги» клубына қарсы өткізді, 72 минутта Зе Робертоның орнына шықты. 3 минуттан кейін, Мирослав Клозеға голдық пас шығарды, ал 89 минутта Тони екінші голдық пасын тағы да Клозеге берді. Осы уақытта Тони 17 жаста болып, Бавария тарихындағы ең жас ойыншысы атанды. 10 қарашада 13 турда жас Тони «Бавария» үшін алғаш минуттан алаңға «Штутгарт» клубына қарсы шықты. Осы маусымда Бавариямен чемпионатты және Германия Кубогін жеңді. Чемпионатта Кроос 12 матч ойнап, 2 голдық пас берді. Кросс алғаш «Байер 04» үшін 28 ақпанда «Ганновер» клубына қарсы матч өткізді. Ал алғаш рет Кросс негізгі құраммен 12 мәуірде «Вердер» клубына қарсы ойнады. Кроос осы матчта 11 минутта голдық пас жасады. Келесі турда Тони алғаш голын «Вольфсбург» клубына қарсы соқты, алайда командасы 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Маусым біткеннен кейін «Байер» жалға алуды тағы да бір маусымға созды.

Осы маусым Тони үшін өте сәтті өтті. Ол команданың лидерлерінің бірі болды. Алғаш матчын алғаш турдан бастап, «Майнц» клубымен ойнады. 29 тамызда Кроос алғашқы маусымдық голдық пасын беріп, «Бохум» клубын жеңді. 3 қазанда алғаш голын «Нюрнберг» клубының қақпасына тығып, командасымен 4:0 есебімен қарсыластарды жеңді.

Осы маусымда «Байер» чемпионаттың төртінші орынына шығып, Кроос 33 матчта шығып, 9 гол мен 10 голдық доп берді.

Тони сәтті маусымнан кейін қайта мюнхендіктер қатарына қосылды. Алғаш оралғаннан кейінгі матчын Бундеслигада «Вольфсбург» клубына қарсы өткізіп, 9 минутта Тони Томас Мюллерге голдық доп берді. 16 қазанда Тони чемпионаттағы екінші голдық пасын Гомеске беріп, «Ганновер» командасын жеңді. 29 қазанда Тони Фрайбург клубының қақпасына чемпионаттағы жалғыз голын соқты.

Чемпионатта «Бавария» үшінші орын алып, «Боруссия» мен Тонидің бұрынғы клубы «Байерге» қалып қалды. Тони чемпионатта 27 рет шығып, 1 гол мен 4 голдық пас берді.

Чемпиондар Лигасында «Бавария» ойының 1/4 финалында аяқтады, Кроос барлығы 7 ойын өткізді.

Сәтсіз маусымнан кейін «Баварияға» жаңа бапкер келді, ол «Байердің» бұрынғы бапкері Юпп Хайнкес еді. Бірақ бұл маусымдада «Бавария» чемпион бола алмады, Тони чемпионатта 31 матч өткізіп, 4 гол мен 9 голдық доп жасады.

Ал Чемпиондар Лигасында финалға дейін жетіп, лондондық «Челсиға» пенальтида жеңіліп қалды. Барлығы 14 матч ойнап, 2 гол мен 4 голдық доппен ерекшеленді.

Осы маусымда «Бавария» үш титулды да ала алды: Бундеслига, Германия Кубогі, Чемпиондар Лигасы. Чемпионатта 24 матч өткізіп, 6 гол мен 8 голдық доп жасады.Ал Чемпиондар лигасында 9 матч өткізіп, 3 гол соқты.

2014 жылы 17 шілдеде «Реал Мадридтің» ресми сайтында футболшының көшкені жарияланды. Ресми емес мағлұматтар бойынша трансфер құны 25-30 млн.еуроға дейін болды. Кросс 6 жылдық контракка қол қойып, жылына 12 милл. еуро алатын болды. Жаңа клубта Каканың бұрынғы нөмері - 8 нөмерді алды.

Әлем чемпионатының финалы

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Германия чемпионы: 2007/08, 2012/13, 2013/14
  • Германия Кубогінің иегері: 2007/2008, 2012/13, 2006/2007
  • Лига Кубогінің иегері : 2006/07
  • Германия Суперкубогінің иегері: 2010, 2012
  • Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2012/2013
  • УЕФА Суперкубогінің иегері: 2013
  • Клубтық әлем чемпионатының иегері: 2013

Реал Мадрид

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Испания чемпионы: 2016/17, 2019/20, 2021/22, 2023/24
  • Испания суперкубогы (2): 2017, 2019/20, 2021/22, 2023/24
  • Чемпиондар лигасы (3): 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2027/22, 2023/24
  • УЕФА суперкубогы (3): 2014, 2016, 2017, 2022
  • Клубтар әлем чмепионаты (4): 2014, 2016, 2017, 2018, 2022
  • Испания кубогы: 2022

Германия ұлттық құрамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Әлем чемпионатының (17 жасқа дейін) қола медаль иегері: 2007
  • Әлем чемпионатының қола медаль иегері: 2010
  • Әлем чемпионы: 2014

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]