Терроризмге қарсы операция
Мемлекеттік органдардың, азаматтар мен лауазымды адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін террористік әрекеттердің алдын алу, террористерді (лаңкестерді) зарарсыздандыру, сондай-ақ террористік акциялардың зардаптарын барынша төмендету мақсатында өткізетін арнайы іс-шаралар кешені. Терроризмге қарсы операцияларға Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының бұрынғы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін тізім бойынша басқа адамдардың, сонымен қатар мемлекет басшылары, шетелдік мемлекет үкіметтері мен Қазақстан аумағында болған кезендегі халықаралық ұйымдардың басшыларының кауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзеттік іс-шаралар кіреді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|