Телікөл
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Телікөл | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 128 м |
Өлшемі | 2,8 × 1,1 км |
Ауданы | 8,0 км² |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 81,0 мың км² |
Орналасуы | |
45°12′36″ с. е. 66°34′42″ ш. б. / 45.21000° с. е. 66.57833° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°12′36″ с. е. 66°34′42″ ш. б. / 45.21000° с. е. 66.57833° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қызылорда облысы |
Аудандар | Сырдария ауданы, Шиелі ауданы |
Телікөл – Қызылорда облысы Сырдария және Шиелі аудандары жеріндегі көл. Дариялықтақыр жазығы мен Ащыкөл ойысы аралығында, теңіз деңгейінен 128 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көлдің ауданы 8,0 км2, ұзындығы 2,8 км, ені 1,1 км. Су жинайтын алабының аумағы 81,0 мың км2.
Жағалау сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жағалауы жайпақ және ашық. Батыс жағалауының біраз бөлігін қамыс, құрақ басқан. Түбі тегіс, саз балшықты, тұнбалы. Көл қазаншұңқырын өзімен аттас қоныс қоршап жатыр. Шығысындағы Ащыкөл сазды-батпақты ойысқа және Телікөлге кейбір жылдары Сарысу өзені құяды. Сырдариядан Телікөл (Шиелі-Телікөл) каналы тартылған. Көл жағалауы шабындық және жайылым.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том