Тейяр де Шарден Пьер
Тейяр де Шарден Пьер[1] (1881 – 1955) – француз палеонтолог ғалымы, философ және теолог.
Шығармашылық жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тейяр де Шарден Пьердың адам және әлем туралы көзқарастары ортодоксты томистік көзқарастарға ұқсамайды, өйткені ол “христиандық эволюционизм” тұжырымдамасын қалыптастырды. Әлемнің эволюциялық даму ерекшеліктерін ескермеуге тырысқан діни ілімдерден өзгеше түсініктеме бергені үшін Тейяр де Шарден Пьерды шіркеу басшылары сабақ беруден аластатып, философиялық-теологиялық шығармаларына тыйым салған болатын. Дегенмен, 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап оның көзқарастарын көптеген модернистік ағымдардың өкілдері кең қолдана бастады. Тейяр де Шарден Пьер адамның пайда болуына алып келген әлемнің эволюциясын діни тәжірибе мен ғылымның қол жеткізген жаңалықтарын біріктіре отырып анықтауға тырысты, сөйтіп, “ғылыми феноменологияны” жасамақшы болды. Күрделі сана мен руханилық иесі адамды Тейяр де Шарден Пьер бүтін ғарыштың алдын ала жоспарланған эволюциялық дамуының нәтижесі деп түсіндіреді. Тейяр де Шарден Пьер тұжырымдамасына пантеизм, яғни бүкіл тіршілікке таралған Құдай идеясы тән. Тейяр де Шарден Пьер бойынша Құдай – “универсум құрылымының” әрбір бөлшегінде ерекше рухани күшаруашылығыжігер түрінде көрсетілген, ол эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші болып табылады. Әлемдік эволюцияны Тейяр де Шарден Пьер бірін-бірі алмастырған төмендегідей сатылардан өтеді деп біледі: “өмір алды”, “өмір”, “ой” және “шалғай өмір”. Аталған эволюциялық сатылардың “ой“ деңгейінде дүниеде адам баласы пайда болған. Ол өз бойына психикалық энергияны жинақтап, “неосфераны” туындатады. “Шалғай өмір” сатысы адамдардың рухани бірігу күйін білдіреді. Тейяр де Шарден Пьердың тарихи-философиялық көзқарастарына оптимизм, христиандық либерализм тән. Ол болашақта христиан діні мен гуманизм, ғылым мен мистика бірігіп, қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне төтеп берер жол табады деп сенді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |