Тасжарғандар тұқымдасы
Saxifragaceae | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Foamflower
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Genera | ||||||||||
Many, see text. |
Тасжарғандар тұқымдасы (Saxіfragaceae) – қосжарнақты, бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын белдемдерінде, Оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдемдері мен тропиктің таулы аймақтарында өсетін 30 туысы, 600-ден астам түрі белгілі.
Қазақстанда 6 туысы, 29 түрі өседі. Тасжарғандар тұқымдасының тамырсабақтары жуан, одан өте көп қосалқы тамырлар шығады. Биікт. 20 см-ден 1,5 м-ге дейін жетеді. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті не саусақ тәрізді салаланған жай жапырақтар, өркенге кезектесе орналасады. Биік тауда өсетін түрлерінің жапырақ тақтасының үстіңгі беті ізбес бөледі. Қзбес жапырақ өңінің астында хлорофилі аз не мүлде болмайтын ұсақ клеткалар (гидатод) тобынан бөлінеді. Бұл Тасжарғандар тұқымдасының ерекше бір қасиеті болып саналады. Қрі гүлдері жеке-жеке орналасады, ұсақтары – шашақ, күрделішатырша гүлшоғырына топталған. Гүлдері қос жынысты, дара жыныстылары да бар, екі үйлі, дұрыс және бұрыс гүлділері де кездеседі. Жеке гүлінде 3 – 5 тостағанша жапырақша бар, кей түрінің күлтесі болмайды. Аталығы 3 – 10, аналығы 2 – 5 жемісжапырақшалы. Жемісі – қауашақ. Тұқымдары ұсақ (ұзындығы 0,5 мм), айналасын эндосперм (ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа) қоршап жатады.
Тасжарғандар тұқымдасының жапырағында 23%, тамырсабағында 27% илік заттар болады. Жапырағы мен тамырларын тері илеуге былғары өндірісінде қолданады. Бөлмеде сәндік үшін өсіреді. Медицинада бүйректегі тасты түсіретін дәрі жасайды. Осы қасиеті және жартастардың жарықшақтарында өсетіндіктен “тасжарған” деп аталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы