Тарту университеті
Тарту университеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Шынайы аты | Tartu Ülikool |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1632 |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Тарту, Эстония |
Мекенжайы | Ülikooli 18, 50090 Tartu, Eesti |
Әкімшілік | |
Ректоры | Волли Калм |
Негізгі көрсеткіштер | |
Студенттер | 18 000 (2011) |
Сайты | www.ut.ee |
өңдеу |
Тарту университеті (эст. Tartu Ülikool, 1919 жылдан бастап; лат. Universitas Tartuensis; нем. Universität Dorpat, 1802—93; Дерпт, Юрьев, 1893—18) — Тарту (Эстония) қаласындағы университет.
Жалпы мәлімет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Эстонияның жетекші жоғарғы оқу орны, елеулі ғылыми негізге және көмекші мекемелер (Тарту обсерваториясы, Эстонияның гендік қоры және басқалар) жүйесіне ие, сонымен қатар Тарту университетінің Вильяндидегі мәдениет академиясы. Тарту университетіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық қызметінің елдегі көрсеткіштер жарты көлемін құрайды.
Тарту университетінде 18 300 студент білім алып жатыр, 3200 адам қызмет атқарады (соның ішінде 165 профессор, 500 ғылыми қызметкер).
Университеттің негізін қалаушысы - Швеция королі Густав II Адольф (1632) Ливония жерінің аумағында негізделді. Сол уақытта Дерпт университеті Швед корольдігіндегі Уппсала университетінен (лат. Universitas Gustaviana) кейін екінші жоғарғы оқу орны.
Факультеттері және кафедралары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарту университеті 10 факультеттен тұрады:
- теология;
- заң;
- медицина;
- философия;
- экономика;
- педагогика;
- математика және информатика факультеті;
- дене шынықтыру факультеті;
- жаратылыстану және технология факультеті;
- қоғамдық ғылымдар факультеті.
Сонымен қатар университет құрамына 5 колледж кіреді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми сайты Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. (ағыл.) (эст.)
- Тарту университеті Мұрағатталған 23 қаңтардың 2012 жылы. (орыс.)
|