Таксономия (биология)
Көрініс
Таксономия (ағылш. Taxonomy) — қазіргі заманда өмір сүріп жатқан және бұрын өмір сүрген, бірақ жойылып кеткен тірі ағзалардың жіктелу жүйесі.
Ғалымдар жердегі тірі ағзалардың шамамен 1,75 млн түрін анықтады. Бұл түрлерге бір жасушалы эукариотты ағзалардан бастап көк китке дейін кіреді. Таксономия тірі ағзаларды, олардың құрылымы немесе шығу тегі, және де басқа ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлетін жіктеу ғылымы болып табылады.
Тірі ағзалар өздерінің генетикалық ұқсастықтарына байланысты домендер деп аталатын үш топқа бөлінеді:
- Архебактериялар - өте ежелгі бактериялар
- Бактериялар - біршама жетілген прокариот текті микробтар
- Эукариоттар - эукариотты жасушасы бар барлық тірі ағзалар, оған жануарлар да, өсімдіктер де кіреді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ғылым.Энциклопедия.12-13 беттер.