Таза заттар мен қоспалар
Заттар көбінесе таза күйінде болмайды, мысалы, табиғи минералдар әр түрлі құрамдас бөліктерден тұрады. Сондықтан табиғи минералдардан өндіріс орындарында бір ғана өнім алынбайды, қосымша заттар түзіледі.
Қоспалар құрамына қарай біртекті және әртекті болады.
Таза заттар бірдей молекулалардан, ал коспалар әр түрлі заттардың молекулаларынан тұрады.
Біртекті қоспалардың құраушыларының агрегаттық күйлері бірдей болады және оларды жай көзбен көруге болмайды, өйткені олар өте ұсақ күйде болады (газ қоспасы, тұздың, канттың судағы ерітінділері).
Ауа негізінен оттегі мен азот газдарының қоспасы. Ауада заттардың жануы ондағы оттегінің қасиетін сақтайтындығынан болады. Сендер таза судың түссіз, иіссіз, дәмсіз, 100°С-да қайнап, 0°С- да қататын сұйық зат екенін білесіңдер. Ал суға ас тұзын еріткенде, оған ащы дәм береді. Мынадай тәжірибе жасайық. Қайнап тұрған суға тұз салғанда, оның қайнауы тоқтайды. Яғни тұз ерітіндісінің қайнау температурасы 100°С-дан жоғары болатынын байқаймыз. Тұз ерітіндісі қайнау үшін тағы қыздыру керек. Қыс мезгілінде көктайғақты болдырмау үшін жолдарға тұз шашады. Сонда судың қату температурасы төмендейді.
Әртекті қоспалардың кұраушылары әр түрлі болады, мысалы, су мен саз екіге бөлініп тұрады.
Қоспа кұрамындағы заттар өздерінің қасиеттерін сактайды. Мысалы, тұз бен құмның қоспасын суда ерітсек, тұз ериді де құм ерімей ыдыстың түбіне шөгіп қалады, сөйтіп бөліп алуға болады.
Таза заттардың қасиеттері тұрақты болады, ал қоспаның қасиеті өзгеріп отырады (ʈ° балқу, ʈ° қайнау т.б.).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Химия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. –Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN9965-34-887
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — химия бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |