Сүюге асық
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Сүюге асық | |
A Walk to Remember | |
Фильмнің постері | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі |
Адам Шенкман |
Продюсері |
Денис Ди Нови, Хант Лоури |
Сценарийдің авторы |
Карен Янссен |
Басты рөлдерде | |
Композиторы |
Мервин Уоррен |
Кинокомпания | |
Ұзақтығы |
101 мин |
Бюджеті |
$11 800 000 |
Кассалық түсімі |
$47 494 916 |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
IMDb | |
http://www2.warnerbros.com/walktoremember/main.html |
«Сүюге асық» (ағыл. A Walk to Remember) – Адам Шенкман 2002 жылы түсірген мелодрама. Фильм Николас Спракстың кітабы бойынша түсірілген.
Сюжет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лэндон Картер мектепте өте танымал. Ол сымбатты, ешкімге тәуелсіз және ұсқынсыз оқушыларға қатыгез. Сондықтан ол көріксіз Джейми Салливанды елемейді. Джейми әрдайым шіркеу хорында ән айтатын, сабақты кілең беске оқитын және драма үйірмесіне қатысатын дін қызметкерінің жалғыз қызы. Бірде Картер мен оның достарының кесірінен оқыс оқиға болды: Клэй атты жігіт Лэндонның тобына қосылғысы келіп, түнде олардың көзінше мұнарадан секіріп, басымен судағы құбырға соғылады. Бұны көрген Картердың достары қашып кетеді. Ал жігіт Клэйды судан шығарып алады да, сол жерден тайып тұрады. Алайда апат мен қуғынның кесірінен полиция қызметкерлері оны ұстап алады. Мектеп директоры оқушысын мектептен шығармаса да, оны жазалайды. Енді Картер күнде сабақтан кейін сыпырушының жұмысы істейді, демалыс күндері сабақ үлгерімі нашар балаларға көмектесіп, мектеп спектаклінде ойнауы тиіс.
Осыдан кейін Лэндон спектакльге қатысатын және өз қалауымен артта қалған оқушыларға көмек беретін Джеймиді жиі кездестіретін болды. Лэндон басты рөлді сомдауға дайындалу үшін қыздан көмек сұрайды. Джейми келіседі, бірақ жігіт оған ешқашан ғашық болмайтынына одан сөз алды. Лэндон менмендікпен ант береді. Уақыт өте келе Лэндон бұрын жақтырмай жүрген Джеймиді ұнатып қалады. Қызда жігітке ғашық болады. Бірақ екеуі де бұл сезімді мойындағысы келмейді – алдымен Лэндон достарының көзінше қызға олар кездесе алатын бір ғана жер бар және ол түс деп айтады. Содан соң Джейми Картердің кешірімін қабыл алмайды. Ең өзгерісті кезең спектаклдің көрсетілімі кезінде болады. Сахнада жігіт ибалы, тәртіпті оқушының орнына өзгерген әдемі Джеймиді көріп, сценарийге қарамастан оны сүйеді. Қызғаныштан іші жарылған Белинда, Картердің бұрынғы қызы Джеймиді мазақ етеді. Бұл Лэндон мен оның достарының арасындағы ұрыстың себепшісі болды. Содан соң жігіт қызды жұбатып, оны жолығуға шақырады. Бұдан кейін олар бірге болады.
Лэндон Джеймидың аққандықпен ауыратындығын білген соң, жұптың алдында жаңа сынақ пайда болады. Бірақ бұл диагноз Картерді тоқтатпайды. Лэндон сүйіктісіне телескоп құрастырып, оған жұлдыздарды көрсетіп, оны қуантпақшы болады. Сол кезде жігіт қызға оған тұрмысқа шығуды сұрайды. Сондай-ақ, Лэндон отбасысын тастап кеткен әкесімен татуласады.
Ғашықтар шіркеуде үйленеді. Тойға Картердің бұрынғы достары да келді. Олар жұптан кешірім сұрап, қателіктерін мойындайды. Лэндон мен Джейми бақытты жазды өткізеді. Содан соң қыз қайтыс болады.
Төрт жылдан кейін дәрігер бол үшін колледжге түскен Лэндон, туған қаласына оралады. Ол Джеймидің әкесіне келіп оның әйелінің күнделігін қайтарады. Сонында Картер сүйіктісімен көп бақытты кезеңдерді өткізген кемежайға барып, мұңмен оны өзгерткен қарым-қатынасты есіне түсіреді.
Рөлдерде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Актер/актриса | Рөлі |
Шейн Вэст | Лэндон Картер |
Мэнди Мур | Джейми Салливан |
Питер Койоти | Мистер Салливан |
Дэрил Ханна | Синтия Картер |
Лоурен Джерман | Белинда |
Клейн Кроуфорд (ағылш.) | Дин |
Пас де ла Уэрта | Трейси |
Эл Томпсон | Эрик |
Джонатан Паркс Джордан | Уолкер |
Дэвид Ли Смит | Лэндонның әкесі |
Саундтректер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мэнди Мур актриса ғана емес, керемет әнші болып табылады.Фильм үшін ол бірнеше өлеңді орындады. Мектеп концертінде Мэнди Switchfoot Only Hope әнін орындады.
1. "Cannonball" — The Breeders
2. "So What Does It All Mean?" — West, Gould, & Fitzgerald
3. "Empty Spaces" — Fuel
4. "Lighthouse" — Mandy Moore
5. "Friday on My Mind" — Noogie
6. "An 14. "Only Hope" — Mandy Moore
15. "Get Ur Freak On" — Missy Elliott
16. "Flood" — Jars of Clay
17. "Dancin' In The Moonlight" — Toploader
18. "Someday We'll Know" — Mandy Moore and Jonathan Foreman
19. "Learning to Breathe" — Switchfoot
20. "All Mixed Up" — 311
21. "Dare You To Move" — Switchfoot
22. "You" — Switchfoot
23. "It's Gonna Be Love" — Mandy Moore
24. "Only Hope" — Switchfoot
25. "Cry" — Mandy Moore
26. "No One" — Cold
Марапаттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жыл | Церемония | Қорытынды |
---|---|---|
2002 | MTV Movie Awards | Жеңіс (Мэнди Мур) |
2002 | Teen Choice Awards | Жеңіс (Мэнди Мур) |
2002 | Teen Choice Awards | Жеңіс (Мэнди Мур/Шейн Уэст) |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орыс уикипедиясынан аударылған.