Су-27
Су-27 | |
Ресейлік Су-27 (МАКС 2007) | |
Түрі |
жойғыш ұшақ |
---|---|
Жобалаушысы | |
Өндірушісі | |
Мемлекеті | |
Алғашқы ұшуы |
20 мамыр 1977 жылы (Т10-1) |
Қолданысқа енгізілуі |
1982 жылдан бастап |
Статусы |
Өндірілуде |
Негізгі эксплуатанттары | |
Басқа эксплуатанттары |
КСРО (бұрынғы) |
Өндірілген бірліктері |
810 астам (оның ішінде 95 Су-27 Қытайда лицензия бойынша шығарылған) |
Бірлігінің құны | |
Нұсқалары |
Су-27М |
Су-27 Ортаққорда |
Су-27 (ішкі белгіленуі: изделие 10В[1], НАТО кодтық белгілеуі бойынша: Flanker, Флэ́нкэр — ағылш. «Қапталдан кіруші», лақап аты — «Пижон») — Сухой КБ жасап шығарған кеңестік/ресейлік көпмақсатты оңтайлы (маневрлі) ауа-райы талғамайтын төртінші буындағы жойғыш ұшақ[2]. Әуеде басымдықты жаулап алуға арнап құрастырылған. Ұшақтың бас жобалаушысы (конструкторы) болып әр кездерде Черняков Наум Семёнович, Симонов Михаил Петрович, А. А. Колчин және А. И. Кнышев болған.
Бұл жойғыштық ұшақ көптеген қақтығыстарға қатысқан.Дәлірек айтсақ Су-27 ұшақтары өткен ғасырдың сексенінші жылдары Кеңестер одағының шекарасын бұзған барлаушы ұшақтарды тойтару мақсатында қолданылды.1992 жылы Абхазиядағы соғыста Ресей тарапынан Грузия әуе-күштерін бұғаттау мақсатында қолданылды.1992 жылдың 5 қазаны күні 4 Ресейлік Су-27 ұшақтары Грузиялық 3 тікұшағын мәжбүрлі түрде қондырды.
1999-2000 жылдары Эфиопо-эритрея қақтығысында Су-27 ұшақтары алғаш рет әуе қақтығысына қатысты.Осы ұрыста Эфиопиялық Су-27 жойғыштары Эритреялық МиГ-29 ұшақтарымен майданға түсті.Нәтиже бойынша Су-27 ұшақтары еш шығынсыз 3 Эриртреялық МиГ-29 ұшақтарын жойды.
Қару-жарағы
Ұшақтың қару-жарағы атыс қаруы және зымырандық болып бөлінеді. Су-27нің атыс қаруы-оның оң қанатының, оң жартысының ағынында орнатылған, 150 оқ-дәрісі бар ГШ-301 типті 30 мм калибрлі Автоматты жылдам атылатын бір баррельді зеңбіректен тұрады.
Зымырандық қаруға келер болсақ, кез-келген әскери ұшақтардағыдай,Су-27 ұшақтары "Әуе-Әуе", "Әуе-Жер" бағытындағы басқарылатын зымырандармен, басқарылмайтын зымыран түрлерімен жабдықталған.Басқарылатын "Әуе-Әуе" зымырандары: Р-27 орта қашықтыққа арналған зымыраны-6 дана
Р-77 орта қашықтыққа арналған зымыраны-6-8 дана
Р-73 жақын қашықтыққа арналған зымыраны-4 дана
Р-27 зымырандары барлық типтегі ұшақтар мен тікұшақтарды, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен круиздік зымырандарды орта қашықтықтарда, күндіз-түні, қарапайым және күрделі метеожағдайларда, кез келген бағыттан, жер мен теңіз аясында, қарсыластың белсенді ақпараттық, атыс және маневрлік қарсы іс-қимылы кезінде әуе шайқасында жоюға арналған.
Р-73 зымыраны күн Мен түнде жоғары маневрлік басқарылатын және ұшқышсыз әуе шабуылдарын және жауды барлауды жақын әуе шайқастарында жоюға арналған.
Р-77 зымыраны күндіз-түні орташа қашықтықтарда, қарапайым және күрделі метеожағдайларда, кез келген бағыттардан, жер мен теңіз аясында, қарсыластың белсенді ақпараттық және маневрлік қарсы іс-қимылымен әуе шайқастарында қарсыластың әскери-көлік авиациясының жойғыштарын, штурмовиктерін, бомбалаушыларын, ұшақтары мен тікұшақтарын жоюға арналған.
Басқарылатын "Әуе-Жер" зымырандары:
Х-25мл зымыраны шағын көлемді жылжымалы және қозғалмайтын жерүсті (су үсті) мақсаттарын: РЛС және зениттік-зымыран кешендерінің ұшыру қондырғыларын, ашық тұрақтар мен жеңіл баспаналардағы ұшақтарды, жеңіл Көпірлер мен өткелдерді, аз тонналы Кемелерді, теміржол эшелондарын және т. б. зақымдауға арналған.
Х-29т зымыраны көзбен шолып сақталатын жерүсті және су үсті нысаналарын - темір-бетон жабындарды, стационарлық теміржол және тас жол көпірлерін, өнеркәсіптік құрылыстарды, қоймаларды, бетондалған ҰҚЖ-ны зақымдауға арналған. кемелер мен десанттық құралдар.
Х-29л зымыраны қарапайым метеожағдайларда берік жерүсті нысаналарын-ұшақтардың жабындарын, бетондалған ҰҚЖ, стационарлық теміржол және тас жол көпірлерін, өнеркәсіптік құрылыстар мен қоймаларды зақымдауға арналған.
Жоғары пилотажды фигурасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кобра фигурасы доплерлі радардан құтылу үшін пайдаланылады. Оны алғаш рет қолданған пилот Игорь Петрович Волк 1989жылы Ле-Бурже әуесалонында көрсеткен.
Эксплуатациясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу](Су-27 және Су-27УБ) 680 данасы КСРОда құрастырылған.
- Ресей — ~150 дана. Су-27СМ/СМ3 нұсқалары
- Қытай— 75 Су-27СК жойғыштары.
- Қазақстан — 22 Су-27БМ2 және УБМ-2 нұсқалары. (2012 жыл)
- Өзбекстан — 25 дана (Барлығы дерлік қолданыстан шығарылған) (2010 жыл)
- Ангола — 8 дана. 2000 жылы Ангола Ресейден Су-27 ұшақтарының 8 данасын сатып алған болатын алайда 2000 жылдың 11 қарашасы күні байқаусызда 1 данасы атып түсірілді.Осы шығынның орнын алмастыру мақсатында Өзбекстаннан Су-27УБ ұшағының 1 данасы сатып алынды (2010 жыл).