Суық қару

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Суық қару (холодное оружие) — әскерде көне заманнан оқ-дәрі мен атыс қаруы ойлап табылғанға дейін қолданылған қоян-қолтық ұрыс қаруы. Шабуылдау мен қорғануға арналған. Суық қару соққылы (найза, қылыш, семсер) және сілтегіш (садақ, қысқа сапты найза, сілтегіш машиналар ж. т.б.) болып бөлінеді. Суық қарудың кейбір түрлері қазірге дейін сақталған, қазіргі әскерлердің жеке құрамдарының жарығында атыс қаруларымен қатар қолданылады (сүңгі, армиялық пышақ, кездік т.б.).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001