Суринам

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 4°05′00″ с. е. 55°50′00″ б. б. / 4.08333° с. е. 55.83333° б. б. / 4.08333; -55.83333 (G) (O) (Я)
Суринам Республикасы
нидер. Republiek Suriname
Үлгі:Lang-srn
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Justitia — Pietas — Fides
(Әділдік, діншілдік, сенім)»
Әнұран: «God zij met ons Suriname»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 25 қараша 1975 жыл (Нидерландтан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері Нидерланд тілі
Елорда Парамарибо
Ірі қаласы Парамарибо
Үкімет түрі Аралас республика
Президенті
Вице-президенті
Дези Баутерсе
Асхвин Адхин
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 90-шы орын
163 821 км²
1,1
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2012)
Тығыздығы

558 368 адам (166-шы)
541 638 адам
2,9 адам/км² (231-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

9,044 млрд.[1] $
15,845[1] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

4,110 млрд.[1] $ (146-ы)
6,881[1] $
АДИ (2017) 0,720[2] (жоғары) (100-ші)
Этнохороним суринамдық, суринамдықтар
Валютасы Суринам доллары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .sr
ISO коды SR
ХОК коды SUR
Телефон коды +597
Уақыт белдеулері UTC-3 және America/Paramaribo

Суринам (нидер. Suriname, [ˌsyːriˈnaːmə], Үлгі:Lang-srn), ресми атауы Суринам Республикасы (нидер. Republiek Suriname, Үлгі:Lang-srn) — Оңтүстік Американың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет.

Суринам Гайанамен батыста, Француз Гвианасымен шығыста және Бразилиямен оңтүстікте шектеседі. Ал солтүстікте Атлант мұхитымен шайылады.

Суринам парламенттік республика болып саналады. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Ол парламентің бірыңғай шешімі бойынша 5 жылға сайланады. 2010 жылдың тамызында – Дези Баутерсе президент болып сайланды.

Парламент – бір палаталы Мемлекеттік жиын. Депутат тұрғындардың шешімі бойынша 5 жылға сайланады. Жалпы депутаттар саны – 51.

2010 жылдың мамыр айындағы сайлаулардың қорытындысы:

  • Мега-комбинация (соның ішінде Ұлттық-демократиялық партия) – 23 депутат
  • Демократия мен даму үшін жаңа майдан – 14 депутат
  • А-комбинация – 7 депутат
  • Өрлеу үшін халықтық альянс – 6 депутат
  • Бірлік арқылы демократия мен даму үшін партия – 1 депутат
Суринам округтары
Округ Әкімшілік орталығы Жер аумағы, км² Халық саны Халық тығыздығы, адам/км²
1 Брокопондо Брокопондо қаласы 7 364 14 215 адам 1,93
2 Коммевейне Ньив-Амстердам қаласы 2 353 24 649 адам 10,48
3 Корони Тотнесс қаласы 3 902 2 887 адам 0,74
4 Маровейне Албина қаласы 4 627 16 642 адам 3,60
5 Никкери Ньив-Никкери қаласы 5 353 36 639 адам 6,84
6 Пара Онвервахт қаласы 5 393 18 749 адам 3,48
7 Парамарибо Парамарибо қаласы 183 242 946 адам 1327,57
8 Сарамакка Гронинген қаласы 3 636 15 980 адам 4,39
9 Сипаливини Парамарибо қаласы 130 567 34 136 адам 0,26
10 Ваника Лелидорп қаласы 442 85 986 адам 194,54
Барлығы 163 820 492 829 адам 3,01

Тұрғындар саны – 566 846 (шілде, 2013)

Жылдық өсімі – 1,15 %

Бала туы – 1000-ға 17,1

Өлімі – 1000-ға 6,15

Өмірдің орташа ұзақтығы – ерлерде – 69 жыл, әйелдерде – 74 жыл

Иммунодефицитті вируспен жұқтыру (АИВ инфекциясы) – 1% (2009 жыл)

Қала халқы – 69% (2010)

Этнос құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үнділер – 37 % Креолдар (негізінде мулаттар) – 31 % Явандар – 15 % Марондар – 10 % Үндістер – 2 % Қытайлықтар – 2 % Ақтар – 1 % Басқалар – 2 %

Діңдер құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Индуистар – 27,4 % Протестанттар (көбі моравандар) – 25,2 % Католиктар – 22,8 % Мұсылмандар – 19,6 % Басқалар – 5 %

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d Suriname. International Monetary Fund.
  2. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.