Соғу
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Соғу — дайындаманы соққыштың ұрғылауы арқылы берілген мөлшерге дейін өңдеп, соғылма жасауға арналған металдарды қысыммен өңдеу әдісінің бір түрі.
Соғу[1] - жиіліктері жақын екі гармониялық тербелісті қабаттағанда пайда болатын тербеліс амплитудасының мерзімді езгеруі.[2]
Соғу түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Айналдыра соғу (Ковка ротационная) — айналдырықты немесе құрсаманы (бандаж) айналдыру процесінде дайындаманы соғатын жөне айналдырықпен салыстырғанда ілгерлемелі қозғалыс жасайтын соққышы бар машинада соғылманы өңдеу.
- Айналма соғу (Вальцовка) аймалмалы қалыптың әсерімен деформациялайтын ыстықтай металдарды қысудың бір әдісі.
- Баспақта соғу (Ковка на прессе) — деформациялаушы жылдамдығы 0,5—2 м/с болатын жабдықта дайындаманы соғып өндеу.
- Бөлігін шығарумен соғу(Ковка с высадкой) — дайындаманың шамалы бөлімінде оның биіктігін қысқарту есебінен көлденең қимасын үлкейтетін шөктіру операциясының бір түрі.
- Машиналы соғу (Ковка машинное) — ұсталық жұмыста машиналы жабдықты қолдану.
- Радиал соғу (Ковка радиальная) — дайындама бағытында қайтымды-ілгерілемелі козғалыс жасайтын сокқышы бар машинада соғылманы өндеу.
- Тоқпақта соғу (Ковка на молоте) — деформациялаушы жылдамдығы 6—9 м/с болатын жабдықта дайындаманы соғып өндеу.
- Төсенді қалыптарда соғу (Ковка в подкладных штампах) — арнайы төсенді аспапты қолданып, дайындаманы соғу.
- Ыссы соғу (Ковка горячая) - дайындаманы (0,5-0,6) Т6 (Г6—балқыту температурасы) температурасына дейін қыздырып алғаннан кейін соғу.
- Соғу машиналары (Машины ковочные) — күрделі пішінді тетіктерді еркін соғып жасау үшін қолданылатын машиналар.
- Соғу операциясы (Операция ковочная) —
- бұл технологиялық процестің бір бөлігі; дайындаманы соғуға қажетті жабдық пен жұмыс қозғалысын қамтиды;
- ұсталық соғу цехтарында қолданатын операциялар.
- Соғу температурасы (Температура ковочная) — металдарды қысыммен өңдегенде жоғарғы илемді қасиет жөне сапа беретін температуралық аралық.
- Соғудың термиялық режiмi (Режим ковки термический) —металл аз деформациялау кедергісіне ұшырайтын және жеткілікті илемділікті иемденетін температура аралығы.
- Соғудың технологиялық сұлбасы (Технологическая схема ковки) — соғудың технологиялық әрекеті көрсетілген сұлба.
- Соғушы соққыш (Боек ковочный) — әр түрлі құрылымы бар соғуға қолданылатын әмбебапты құрал.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
- ↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|