Сертификат
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Сертификат (Куәландырма) (лат. sertіfіco - куәландырамын) —
- иеленушіде белгілі бір білім мен біліктілік бар екенін куәландыратын құжат; белгілі бір фактіні растайтын құжат (мыс., медициналық сертификат — қайсыбір елге сапарға шығар кезінде егу жасалғандығы туралы, т.б.);[1]
- сыртқы сауда тәжірибесінде — тауардың сапасын, салмағын, шығу тегін және басқа қасиеттерін растайтын құжат;
- қаржы-несие қатынастары саласында — есеп айырысу палаталарының куәлігі, олардың негізінде палатаға мүше банктердің берешегі реттеледі; әдетте шағын купюралар түрінде шығарылатын мемлекеттік қарыз облигацияларының түрі, сондай-ақ ұсынушыға арналған, банк шығаратын бағалы қағаздар; сақтандыру сертификаты, аудиторлық сертификат, т.б.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |