Сергей Стаховский
Сергей Стаховский | |
Сергій Едуардович Стаховський | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Бойы |
193 см |
Салмағы |
80 кг |
Мансабының басталуы |
2003 |
Мансабының аяқталуы |
2022 |
Жұмыс қолы |
оңша |
Бапкері |
Санторо, Фабрис |
Ақшалай сыйлық |
5 417 573 $ |
Жеке санат | |
Жеке нәтижелері |
172–209 |
Титулдары |
4 |
Үздік жеке позициясы |
31 (27 қыркүйек 2010) |
Үлкен дулыға турнирлері | |
Аустралия |
3-раунд (2013) |
Франция |
2-раунд (2009-11) |
Уимблдон |
3-раунд (2010) |
АҚШ |
3-раунд (2010-11, 2013) |
https://stakhovskywines.com/ | |
Сергей Стаховский (укр. Сергій Едуардович Стаховський; туған жылы 6 қаңтар 1986 жыл, Украина КСР, Киев) — украиналық кәсіпқой теннисші, сегіз дүркін ATP турнирінің жеңімпазы (төртеуі жекелей), жеке сында жасөспірімдер арасындағы Үлкен дулыға турнирінің финалисі (АҚШ ашық чемпионаты — 2004).
Жастық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сергей Стаховский 1986 жылы 6 қаңтарда Киев қаласында дүниеге келген. Сергей балабақшаны бітіргеннен кейін атасы алғаш рет теннистік кордқа алып барды. Алғашқы матчтардан бастап бала бұл спорт түріне қызығушылық танытты. Барлық жастық шағын теннисші Киевте жаттығады, бірақ есейген сайын ол жаттығуға және тұруға қолайлы жер іздеп Еуропаны аралай бастады. Соңғы таңдау Словакия болды. Оған бұл елдің мәдениеті, климаты, спорт нысандары ұнағаны сонша, ол әлі де бос уақытын сонда өткізеді.[1]
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сергейдің әкесі – уролог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Стаховский Эдуард Александрович, Украина Ұлттық онкологиялық институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары және онкоурология бөлімінің меңгерушісі. Анасы Ольга Леонардовна – бір кездері университетте экономика пәнінен сабақ берген. Сергейдің екі ағасы бар: Александр - уролог, Леонард (кіші ағасы, теннисте де бағын сынаған).
Сергей жеке өмірінде біраз уақыт атақты словак теннисшісі Доминика Цибулковамен кездесіп жүрді. Бірақ Сергей 2011 жылы 24 қыркүйекте Анфиса есімді ресейлік азаматшаға үйленді. 2014 жылдың 30 наурызында Сергей мен Анфисаның Таисия есімді қызы және 2015 жылдың 16 қазанында Никифор есімді ұлы болды.[2]
Мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2006 жылы Сергей Стаховский үздік теннисшілердің әлемдік рейтингінің ТОП-200 қатарына енді. Сол жылы ол Дэвис кубогында Украина құрамасы үшін ойнай бастады.
Екі жылдан кейін Сергей Стаховский алғаш рет әртүрлі халықаралық турнирлерде бірнеше сәтті жекпе-жек өткізіп, әлемнің үздік 100 теннисшісінің қатарына енді. 2009 жылы Сергей Стаховский Австралия мен Францияда өткен теннистен ашық чемпионаттың негізгі ойынында өнер көрсетті.
Стаховский 2010 жылы Санкт-Петербург ашық чемпионатында, сондай-ақ бірқатар басқа ATP 250 турнирлерінде және Masters жарыстарында жеңіске жетті. Сол жылы ол «Үлкен дулыға» турнирлерінің бірі – US Open турнирінің төртінші айналымына шықты, одан кейін әлемнің ең үздік теннисшілері тізімінде 31-орынға ие болды.
2012 жылдан кейін Сергей Стаховскийдің мансабы құлдырай бастады, бірақ ол әлемннің ең жақсы теннисшілерінің рейтингісінен түскен жоқ және бірнеше ірі жеңістерге қол жеткізді, соның ішінде 2013 жылы Роджер Федерерді және басқа да атақты ойыншыларды жеңді.
Сергей Стаховский - қазіргі Украина тарихындағы ең табысты теннисші. Жасөспірімдер арасындағы US Open финалисі, жеті ATP турнирінің жеңімпазы және Украинаның бірнеше дүркін чемпионы.
2017 жылы Стаховский сол жылғы жеке бас жүлдені жеңіп алды. Одан кейін АҚШ-тың ашық чемпионатына шықты, бірақ қарсыласынан жеңіліп қалды.
2021 жылы Сергей Стаховский ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын хабарлады.[3][4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Сергей Стаховский: биография, творчество, карьера, личная жизнь https://www.kakprosto.ru/kak-979403-sergey-stahovskiy-biografiya-tvorchestvo-karera-lichnaya-zhizn
- ↑ Стаховский, Сергей Эдуардович https://www.peoplelife.ru/271120 Мұрағатталған 16 мамырдың 2023 жылы.
- ↑ Стаховский Сергей Эдуардович: украинский теннисист и винодел https://my.ua/persons/sergii-stakhovskii
- ↑ Сергей Стаховский https://alphapedia.ru/w/Sergiy_Stakhovsky