Сақиналы түркептер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сақиналы түркептер


Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Кептертәрізділер
Тұқымдасы: Columbidae
Тегі: Streptopelia
Түрі: S. decaocto
Екі-есімді атауы
Streptopelia decaocto
(Frivaldszky, 1838)
Ареал
Ареал

Сақиналы түркептер (лат. Streptopelia decaocto) — дене мөлшері кәдімгі түркептердей (110-130 г, қанатының алымы - 56 см), біркелкі реңді түркептер.

Биологиялық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жабын қауырсындарының жалпы реңі ашықтұсті, мойнындағы жарты шеңбер тәрізді сақина жақсы көрінеді. Адамға мүлде бауырбасты құстар, тек қана елді мекендерде ұялайды. Ұяларды ағаш бастарына ғимарат кемерлеріне, әр түрлі құрылыс жақпарларына салады.

Салындыда, басқа түркептерлер сияқты, 2 ақ түсті жұмыртқа болады. Жұмыртқаларды ата-енелері екі апта басады, балапандарды да сонша уақыт жемдейді, ал соңынан келесі рет балапандарды өргізумен шұғылдана алады. Отырықшы құс, азық көзі (астық қамбасы, мал жемі, т.б.) мол болса, ұяламайтын уақытқа топтасып, жинақталады.

Еуропаның оңтүстік-батыс бөлігіне және Африкаға еніп, көпшілігінде Азияның оңтүстік бөлігінде қоныстанған. Алайда жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдарында бұл түр өте қауырт таралып, бүкіл Еуропада орнықты.Қазақстанда 60-жылдардың басында сақиналы түркептер тек қана Жаркент маңында ұялады, бірақ тағы да түркептерлер шығысқа (Зайсан қазаншұңқырына қоныстанып алып) және оңтүстік-батысқа Тәңіртаудың барлық тау етектерін бойлай елді мекендерге және шұраттарға тарала бастады.

1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.

  1. BirdLife International Streptopelia decaocto. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.