Сары шақшақай
Сары шақшақай | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Adult male blue-headed wagtail (M. f. flava)
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Motacilla flava Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
Subspecies | ||||||||||||||
Some 15-20, but see text | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Motacilla tschutschensis (but see text) |
Сары шақшақай (лат. Motacilla flava) — Шақшақай тұқымдастараның Шақшақайлар туысы тармағына жататын құс. Бұлардың, қалған шақшақайларға қарағанда, құйрығы едәуір қысқа болады. Сары шақшақай шағын денелі (16-20 г) құс. Аталықтарының жабын қауырсындары - ашық сары, ал аналықтары мен жас құстардың сарғылттану дәрежесі әр түрлі - сұрғылт жасылдау реңді болады.
Мекен ету ортасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанның солтүстік жартысында қоныстанады да, көктемде және күзде Африка мен Азияның оңтүстік өңіріне ұшып бара жатқан жолда оңтүстікте кездеседі. Ылғалды шалғындарда өмір сүреді, көбінесе суқоймалар жағалауында тіршілік етеді.
Қоректенуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өзге шақшақайлар сияқты нешізінде құрлықта қоректенеді, дегенмен бунақденелілердің соңынан қуып, көбінесе ұшып жүреді. Ұялары қалың шөп арасында болады. Салындыдағы 4-6 жұмыртқа өте теңбілді болып келеді. Жұмыртқаны ұдайы аналығы басады да, балапандарды аталықпен бірлесіп, екеулеп қоректендіреді. Бір жылда 2 салынды пайдаланады.[2]
Сарымаңдай шақшақай (лат. Motacilla flava lutea) – бұл да сары шақшақайға ұқсас құс. Сарымаңдай шақшақайдың одан айырмашылығы – тек қана аталығының басы лимон өңдес сары немесе жасылдау сарғыш болуында, алайда қасы ашық сары түсті болады. Қазақстанда батыс өңірлерде, сондай-ақ жіңішке тілкемдерде – Ертістің жайылмасында, республиканың нағыз орталығында – Теңіз-Қорғалжын қазаншұңқырында (Ақмола облысы) ұялайды[3].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ BirdLife International Motacilla flava. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2013). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ Құстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра
- ↑ Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра