Мазмұнға өту

Сарытоғай (Атырау облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ауыл
Сарытоғай
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Атырау

Ауданы

Махамбет

Ауылдық округ

Махамбет

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°43′27″ с. е. 51°35′04″ ш. б. / 47.72417° с. е. 51.58444° ш. б. / 47.72417; 51.58444 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°43′27″ с. е. 51°35′04″ ш. б. / 47.72417° с. е. 51.58444° ш. б. / 47.72417; 51.58444 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1932

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

1756 адам (2021)

Этнохороним

сарытоғайлық, сарытоғайлықтар

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

06

Сарытоғай картада
Сарытоғай
Сарытоғай
Сарытоғай картадаЖылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Сарытоғай картада
Сарытоғай
Сарытоғай
 Басқа мағыналар үшін Сарытоғай деген бетті қараңыз.

СарытоғайАтырау облысы, Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі құрамындағы ауыл, бұрынғы Сарытоғай ауылдық округінің орталығы.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы – Махамбет ауылынан солтүстікке қарай 5 км-дей жерде, Жайық өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.

1989 жылы елді мекенде 1510 адам тұрған.[1] 1999 жылы ауылда халық саны 1707 адам (848 ер адам және 859 әйел адам) болса, 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 1752 адам тұрды[2].

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1756 адамды (886 ер адам және 870 әйел адам) құрады.[3]

Өткен ғасырдың басында алма бағының орнындағы жер үйлерде Әбдірахман, Жеміс, Оразалы, Нұрха, Иманғазы ағалар аз ғана шаруашылығымен тұрып, арпа, тары еккен мекенге халық 1932- 36 жылдан бастап қоныстана бастаған. Қосалқы шаруашылық негізінен егін, бау-бақша өсірумен айналысқан. Алғашқы шаруашылық құрылған жылдары 30 шамалы үй, 150-дей тұрғын болған. Қосалқы шаруашылық алғашқы егінін Ақшоландағы «Бекқали» талында егіп, кейіннен Сарытоғайға көшіп, осы жерге жайғасты.

1941 жылдары «Ембімұнайгаз» кәсіпорнының жұмысшыларын жеміс-жидек, көкөніспен, етпен қамтамасыз ету мақсатында осы жерден шаруашылық ашқан. «№1 қосалқы шаруашылық» деп аталып, ол жерде алма бағын сала бастаған. Сонымен қоса картоп, қырыққабат, қияр, қызанақ секілді көкөністерді де салған. Кейін шошқа, жылқы, түйе ұстады. Шаруашылықтың адам саны Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін жер аударылып келген орыс, поляк, неміс, болгар, венгр, түрік, шешен, қырым татарларымен толықты. Алдымен ауылдың орталығындағы жер терең етіп қазылып, соған барак салынған. Әрбір үйге жер бөлініп беріліп, олар шаруашылығын жүргізді. Халықтың әл-ауқатын көтеру үшін ауылдан мәдениет үйі, наубайхана, типтік монша, медпункт ашылды.

Шаруашылықтың экономикасын, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда 1957-1971 жылдары басшы болған, кезінде Гурьев, Форт-Шевченко қалалық, Махамбет аудандық партия комитеттері хатшысы, Есбол аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасы қызметтерін атқарған Кенжеғали Досжановтың еңбегі ерекше. Тәртіп қатаң сақталып, еңбек мәдениеті көтерілді. Ауылдағы үйлердің 40 пайызы сол кезде салынды. Тұрғындар ардагер ағаның еңбегін ұмытпай, ауылдың бір көшесіне есімін берді.

1955 жылы өкпе аурулар ауруханасы салынып, оны білікті дәрігер Жолдас Сиджанов басқарды. 1956 жылы типтік жобада мәдениет үйі, 1958 жылы орта мектеп үйі, интернат ғимараты пайдалануға берілді. Орта мектеп алғашында Жаманқала орта мектебінің бастауыш сыныптар филиалы ретінде ашылды. Сарытоғай ауылдық кеңесі 1967 жылы ашылып, жұмыс істей бастады.

1971 жылы қосалқы шаруашылық «Орал» кеңшары болып қайта құрылды. 1997 жылы кеңшар жауапкершілігі шектеулі кәсіпорын болып құрылып, Ахмат Берғалиев, Жанар Кенжахметовтер басшылық жасады. Сарытоғай 1994 жылы ауылдық округ болып құрылды. 2001 жылы ауылға табиғи газ келсе, 2006 жылы таза су қондырғысы іске қосылды. Ал 2013 жылдан бастап 5 шақырым қашықтықта орналасқан Махамбет ауданы орталығының құрамына енгізілген. Қазір елді мекенді ауыл адамдары «Ескі Сарытоғай», «Орталық», «Жаңа ауыл» («Пятигорск») және «Қазақ ауылы» деп шағын 4 бөлікке бөледі. Бүгінде мұнда 368 түтін бар. Ауылда мектеп, мәдениеті үйі, кітапхана, бөбекжай, дәрігерлік емхана, 4 азық-түлік дүкені, «Арай» демалыс лагері, ресми тіркелген 31 шаруа қожалықтың 19-ы жұмыс жасайды. «Арай» лагері күрделі жөндеуден өтіп, былтыр толықтай пайдалануға берілді.[4]

Ауыл көшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мәдени-әлеуметтік мекемелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі
  • «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы — 1979 жылы төрт топпен 70 балаға арналған балабақша болып ашылған. 1998 жылы балабақша Махамбет аудандық білім бөлімінің қарамағына алынып, бір жылдан кейін маусымдық 3 топтық балабақша болып, жұмыс жасады. 2005 жылдың 14 маусымында балабақша күрделі жөндеуге жабылып, 30 тамызда үш топтық, сыйымдылығы 45 орындық жылдық балабақша болып ашылды. 2007 жылдан бастап балабақша сыйымдылығы 60 балаға көтерілді.[5]
  • «Сарытоғай» ауылдық мәдениет үйі

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]