Самұрық-Қазына

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры
Түрі

акционерлік қоғам

Құрылды

2008

Орналасуы

 Қазақстан, Астана, Сығанақ көшесі, 17/10

Басты адамдары

Нұрлан Жақыпов (Басқарма төрағасы)
Олжас Бектенов (Директорлар кеңесінің төрағасы)

Саласы

мұнай-газ және көлік-логистика секторы, химия және атом өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешені, энергетика, жылжымайтын мүлік, телекоммуникация және байланыс

Операциялық кірісі

2,13 трлн теңге (2023)

Таза табыс

1,7 трлн теңге (2023)

Қызметкерлер саны

260,7 мың адам (2023)[1]

Басшы компания

Қазақстан Қазақстан Республикасының Үкіметі

Сайты

sk.kz

«Самұрық-Қазына» — әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын инвестициялық холдинг. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы «Қазына» орнықты даму қоры мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингін біріктіру нәтижесінде құрылды.[2] 2023 жылдың қорытындысы бойынша қордың активі 37 трлн теңгені құрады.[3]

Холдингтің құрылтайшысы және жалғыз акционеріҚазақстан Республикасының Үкіметі. Басқарма төрағасы — Нұрлан Жақыпов, ал директорлар кеңесінің төрағасы — премьер-министр Олжас Бектенов. Жарғы бойынша қор қызметінің негізгі міндеттеріне компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асырылуын қамтамасыз ету жатады.[4]

Қордың негізгі қызметі ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялардағы және басқа да заңды тұлғалардың меншігіндегі мемлекетке тиесілі үлестерді (пакеттерді) басқару. Қордың жалғыз ғана акционері, яғни иесі бар. Ол Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қордың қызметі ашықтық және тиімділік қағидасының негізінде жүргізіледі. Негізгі бағыт мемлекеттік активтердің бәсекелес нарықтық ортада тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Алдына қойылған талаптарды орындау мақсатында қор бірнеше сала бойынша басымдықтар анықтады. Олар: мұнай және газ, электр энергетикасы, металлургия, инфрақұрылым және химия өнеркәсібі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды. Қор 2008 жылы алдында жеке дара ұйым болатын «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру негізінде пайда болды. Жаңадан құрылған ұйымның капитализациясын өсіру мақсатында Президент мемлекеттік бюджеттен 5 млрд АҚШ долларын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан 10 млрд АҚШ долларын бөлуді тапсырды [5].

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының аясында бірнеше ұлттық даму инстиуттары құрылған болатын. Мемлекет меншігін тиімді басқару үшін Сингапурлық "Temasek" холдингінің мысалында мемлекеттік холдинг құру идеясы талқыланды [6].

2006 жылдың қаңтар айында «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы құрылды. Мемлекеттік холдингке «Қазақтелеком», «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы», «Қазақстан темір жолы» ҰҚ», «Қазпошта», «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» және басқа 14 акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлестер (пакеттер) өтті. Мемлекеттік холдингтің мақсаты бәсекеге қабілетті тауарлар мен өнімдер шығаруда қосымша құрал ретінде көмек беру болатын[7].

«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы 2006 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен құрылған болатын. "Қазына" қорының негізгі мақсаты "Қазақстанның даму банкі", "Ұлттық инновациялық қор", "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры", «Экспорттық кредиттерді және инвестициаларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» Акционерлік қоғамы, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ, "Қазақстандық инвестицияларға қолдау көрсету орталығы" сияқты ұлттық даму инстиутуттарының қызметін жүйелі түрде басқару[7].

2009 жылы басталған экономикалық дағдарыс Қазақстан басшылығынан дағдарысқа төтеп беретін бағдарламаны талап етті. Бағдарламаны қабылданғаннан кейін оны орындауды үкіметке емес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына орындауға тапсырылды[8]. Қазіргі уақытта холдингтің келесідей функциялары бар: • Қаржы секторын тұрақтандыру • Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу • Шағын және орта бизнесті қолдау • Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту • Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру

Қордың басшылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қордың ең жоғарғы басқарушы органы - жалғыз үлескер, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметі. Басқару органы - Директорлар кеңесінен тұрады, ал атқарушы орган қызметін басқарма атқарады. Қордың барлық шаруашылық қызметі ішкі және сыртқы аудит арқылы бақыланады.

Басқарма мүшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Холдинг 2024 жылғы маусым айындағы мәлімет бойынша төмендегі компаниялардың 10%-дан көп акциясына иелік етеді:[11]

Компания Қор үлесі Негізгі қызметі Құрылған жылы Өзге үлескерлер
1 «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ 67,4% мұнай мен газды барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау 2002 20% — Қаржы министрлiгi
9,6% — Ұлттық банк
2 «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ 63% уран мен сирек металдар өндіру 1997 12% — Қаржы министрлiгi
3 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ 100% жолаушылар мен жүк тасымалы 1997
4 «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ 85% электр энергиясымен жабдықтау 1997 6,9% — «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
5 «Қазпошта» АҚ 100% пошта және қаржылық қызмет 1993
6 «Қазақтелеком» АҚ 80,85% телекоммуникация қызметі 1994 9,2% — «First Heartland Jusan Bank» АҚ
7 «Эйр Астана» АҚ 41,1% әуе тасымалы 2001 17% — Ұлыбритания BAE Systems
6,5% — «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
8 «Qazaq Air» АҚ 100% әуе тасымалы 2015
9 «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ 100% табиғи газ бен газ конденсатын барлау, өндіру, тасымалдау, өткізу және сақтау 2001
10 «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ 100% қатты пайдалы қазбаларды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және өткізу 2009
11 «Самұрық-Энерго» АҚ 100% электр және жылу энергиясын өндіру 2007
12 «Самұрық-Қазына Өңдеу» ЖШС 100% химия саласындағы жобаларды әзірлеу және іске асыру 2009
13 «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 100% құрылыс пен жылжымайтын мүлікті басқару 2009
14 «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС 100% инвестициялық қызмет 2007
15 «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС 100% сатып алу қызметін ұйымдастыру 2007
16 «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС 100% сервистік қызметтер 2011
17 «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ 100%[a] теңіз портын басқару
18 «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС 100% электроэнергетика секторының компанияларына қызмет көрсету 2014
19 «АстанаГаз ҚМГ» АҚ 50% магистральдық газ құбырларының құрылысы 50% — «Baiterek Venture Fund» АҚ
20 «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 50% электр энергиясын өндіру 50% — «Самұрық-Энерго» АҚ
21 «Түркістан БГҚ» ЖШС 100% электр энергиясымен жабдықтау, тарату және сату 2022
22 «Өскемен Энерго» ЖШС 50% 2024 50% — «Самұрық-Энерго» АҚ
23 «Кокшетауская ТЭЦ» ЖШС 50% жылу және электр энергиясын өндіру 2024 50% — «Самұрық-Энерго» АҚ
24 «Семей Энерго» ЖШС 50% 2024 50% — «Самұрық-Энерго» АҚ

«Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы қорлар мен мекемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Самғау» Ғылыми-Технологиялық Бастамалар Орталығы» Жеке қоры
  2. «Әлеуметтік әріптестік орталығы» корпоративтік қоры
  3. «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қоры
  4. «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы» жеке меншік мекемесі
  5. «Samruk Business Academy» жеке меншік мекемесі

Қоржын компаниялардың қаржылық көрсеткіштері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2021 жылдың қорытындысы[12]
Компания аты Активтері (млрд) Табыс Таза пайдасы Өз капиталы
1. «ҚазМұнайГаз» АҚ 13 652 5 839 1 197 8 159
2. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ 3 604 1 329 121 1 272
3. «KEGOC» АҚ 1 093,2 186,4 52,6 737,1
4. «Қазақтелеком» АҚ 1 235 594 97 644
5. «Қазпошта» АҚ 110,5 47,5 -7,2 33,7
6. «Эйр Астана» АҚ 475 324 15,5 27,6
7. «Qazaq Air» АҚ 29,2 12,7 -6,5 -11
8. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 165,7 14,3 9,7 60,7
9. «Самұрық-Энерго» АҚ 940 333 15 503
10. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ 1 951,5 691 220 1 537,1
11. «Самұрық-Қазына Өңдеу» ЖШС 1 129 36 -0,039 242
12. «Тау-Кен Самұрық» АҚ 789,7 724,2 71,9 734,2

Басқарма төрағалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
"Самұрық-Қазына" қорының басшылары
"Самұрық" холдингінің басшылары
"Қазына" қорының басшылары

Әлемдік қаржы дағдарысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

БТА Банк ісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Альянс Банк

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлеуметтік жобалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сарапшы клубы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі мақала: Сарапшы (клуб)

«Сарапшы» клубы – қордың қызметіне қатысты барынша маңызды проблемалар мен әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талқылауға арналған ақпараттық және аналитикалық алаң. Клуб «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Пікірталас клубының шеңберінде белгілі саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов арнайы шақырылған саясаткерлермен және ғалымдармен, мемлекеттік аппарат өкілдерімен және сарапшылармен, публицистермен және кәсіпкерлермен пікір алмасады. Шақырылған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көкейкесті мәселелерді тиімді шешуге бағытталған маңызды пікірталастардың куәсі болып қана қоймай, сонымен бірге талқылауларға қатысатын мамандарға сұрақтар қою мүмкіндігіне ие [13].

Негізгі мақала: Астана (велоклуб)

Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ "Pro Team Astana" деп аталатын қазақстандық кәсіби велоклубтың негізгі демеушісі. Клуб 2006 жылы "Астана" деп атала бастады. Қор 2008 жылдан бастап бас демеуші болып келеді. Оған дейін клубты қаржылай бірнеше қазақстандық компаниялар тобы қолдаған болатын.

Негізгі мақала: Астана (автоспорт)

Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ " КАМАЗ Мастерс саласы бойынша Дакар жарысытарында өнер көрсететін қазақстандық Астана командасын Бас демеуші ретінде қолдап келеді.

"Қазақша Уикипедия" жобасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі мақала: Қазақша Уикипедия

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ 2011 жылы әлемдік ашық және онлайн "Wikipedia" энциклопедиясының қазақ тіліндегі тармағын дамыту идеясын бастаған болатын. Бұл мақсатта қазақ тілді Уикипедияшылардың ниетімен құрылған "WikiBilim" қоғамдық қорына демеушілік көрсететіндігін хабарлады. Жоба аясында өтетін бәйгенің жеңімпаздарына, 100 мақала жазған 100 авторға "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ ноутбуктер тапсырады.

2011 жылдың 16 маусымында Алматы қаласында "Қазақша Википедиа" жобасының басталғандығы жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Сол жолы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев қазақ тілді Уикипедияшыларға және тіл жанашырларына арнап хат жолдады. Тимур Құлыбаев хатында былай дейді:

Ешқандай шекараны мойындамайтын интернет жүйесінде бір ғана егемендікке мүмкіндік бар, ол – тілдік егемендік. Әлемдік жүйеде қазақ тілінің ауқымды орын иеленуі – тілді дамыту мен сақтаудың маңызды факторы болып табылады.

Біз Қазақша Уикипедия қазақ тілі мен мәдениетін қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын толықтырады деп санаймыз. Сөз жоқ, ол халықтың білім қорын толықтыруға қомақты үлес қосады, қоғамды ақпараттандырудың тиімді құралына айналады[14]

Инновациялық Қазақстан

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі мақала: Инновациялық Қазақстан

2011 жылы қор инновациялық идеялар байқауын бастады. Байқауға негізінен 15-30 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер қатыса алады. Өтініштер 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында қабылданады. Байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын мемлекеттік органдар, ірі оқу орындары, ұлттық компаниялардың басшылары мен ғалымдардан құралған әділқазы алқасы анықтайды. Іріктеу қорытындысы бойынша 10 жүлдегер бағалы сыйлықтармен, ал қос номинация бойынша 2 жеңімпаз 5 млн. теңге соммасындағы оқу грантымен марапатталады. Грант шетелдегі оқу орнында білім алуға, шетелдік компанияларда тағылымдама өтуге ғана қолданылады [15].

Ескертпелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Акциялары «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға берілген

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Годовой отчет
  2. "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның ресми сайты, Қор тарихы
  3. Активы фонда «Самрук-Казына» выросли на 10%
  4. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-тың Жарғысы
  5. "Казына" и "Самрук" сливаются в Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына", Интерфакс-Казахстан, Астана. 13 қазан 2008 жыл [1]
  6. Сингапурский пример, газета Новое поколение Мұрағатталған 23 қазанның 2013 жылы.
  7. a b Основные особенности и результаты этапов реформирования собственности, http://www.kgip.kz/aspectOOR.aspx Мұрағатталған 11 қазанның 2011 жылы.
  8. Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру бойынша «Самұрық-Қазына» қорының қызметі
  9. Директорлар кеңесі
  10. Басқарма
  11. Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі  (қаз.) (PDF) (25 маусым 2024).
  12. Қоржын компаниялар
  13. http://www.samruk-kazyna.kz/page.php?page_id=4013&lang=2&parent_id=4013
  14. "WikiBilim" қоғамдық қорының сайты, http://wikibilim.kz/ Мұрағатталған 7 желтоқсанның 2011 жылы.
  15. "Алтын Орда" газеті, “Самұрық-Қазына” үздік идея иесіне 5 млн. теңге бермек, 13 қыркүйек 2011 жыл [2] Мұрағатталған 6 маусымның 2012 жылы.