Россия (әуе компаниясы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
ИАТА
-
ИКАО
-
Шақыру белгісі
-
Құрылған жылы{{{құрылды}}}
Әуе паркінің саны{{{әуе паркі}}}
Ұшу бағыттарының саны{{{ұшу бағыттары}}}
Штаб-пәтері{{{штаб-пәтері}}}
Басшылары{{{басшылары}}}


«Россия» әуе компаниясы (орыс. ОАО «Авиакомпания „Россия“») — ресейлік әуе компаниясы. Әуе компаниясының негізгі ұшулары Санкт-Петербург қаласынан жүзеге асырады.

Компания тарихы 1934 жылдан басталады. Алғашқыда Мәскеу меен Ленинград арасындағы әуе қатынасын қамтамасыз ету мақсатында құрылған 1-ші түнгі жеке жасақ кейінрек 31-ші жүк тасымалдаушы әуежасағы болып қайта құрылды. Ұлы Отан соғысы кезінде оның негізінде 4-ші ауыр жүк тасымалдаушы ұшақтар әуежасағы құрылды. Соғыстан кейін бұл жасақ 19-шы жүк тасымалдаушы әуежасағының негізі болды. Кейінрек болған қайта құру жұмыстары нәтижесінде ұйым 67-ші әуежасағы, 2-ші ұшу жасағы, Ленинградтық біріккен әуежасағы (ЛОАО - Ленинградский объединенный авиаотряд), «Пулково» ФМУӘК, «Пулково» ФМӘК, «Россия» МКК ФМАП атауларына ие болды.

1956 жылы Внуково әуежайында арнай мақсаттағы әуежасағы құрылды. 1992 жылы 235-шы жеке әуежасағы «Россия» МТК болып қайта құрылды.

Boeing 767-300ER (борт нөмірі EI-DZH)
Ан-148

2006 жылы қазанда «Россия» МТК «Пулково» әуекомпаниясына қосылды да, әуе компаниясының атауы «„Россия“ мемлекеттік көлік компаниясы» Федералды Мемлекеттік Унитарлы Әуекәсіпорыны деп өзгертілді.

2008 жылдың шілдесіне дейін компания федералды меншікте болды және РФ Президенті істері басқармасы мен РФ Көлік министрлігіне бағынды. 2008 жылы 10 шілдеде РФ президентінің №1052 шешімімен «Россия» МТК ашық акционерлік қоғамға айналды және оның 100 % акциясы «Ростехнологии» мемкорпорациясына берілді, ал компанияынң өзі РФ-ның стратегиялық маңызы бар кәсіпорындары мен акционерлік қоғамдары тізімінен аластатылды.

2009 жылы 31 қаңтардағы РФ Үкіметінің қаулысымен арнайы мақсаттағы әуежасағы дәрежесі берілді, бұл комплекс қайта құрылған «Россия» арнайы ұшу жасағына берілді.[1].

2010 жыыл 2 ақпанда РФ премьер-министрі Владимир Путин Көлік министрлігінің «Ростехнологии» компаниясын қарамағындағы «Россия» МКК компаниясымен мен бірнеше ФМУК-ды акцияландырып, кейінрек «Аэрофлот» компаниясы құрамына біріктірілуі туралы ұсынысын мақұлдады.[2]

2011 жылы 2 ақпанда «„Россия“ әуекомпаниясы» ААҚ-ын тіркеу туралы куәліктің тапсырылуымен компанияны жекешелендіру жұмыс аяқталды. Акционерлік қоғам «„Россия“ МКК» ФМУК-ның барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болды.

Компанияны толықтай акцияландыру аяқтылғаннан соң, 2011 жылы 16 қарашада компанияның 75 % минус 1 акциясы «Аэрофлот — ресейлік әуежелілері» ААҚ-мен сатып алынды. «Россия» «Аэрофлоттың» еншілес компаниясына айналды.

2011 жылы желтоқсанды Санкт-Петербург үкіметі басшылығының қаулысымен «Ростехнологии» компаниясынан әуе компаниясының 25 % акциясын сыйға алынды.

«Россия» әуекомпаниясының флоты (2013 ж. наурызы)
Типі Саны Жолуашы орны
(бизнес/эконом)
Ескертулер Суреттері
Airbus A319 16 128 (8/120) Халықаралық және жергілікті рейстер
VQ-BAQ, VQ-BAR, VQ-BAU, VQ-BAT, VQ-BAV, VQ-BAS, VP-BIU, VP-BIT, VP-BIQ, EI-ETN, EI-ETO, EI-ETP, EI-EZC, EI-EZD, EI-EYM, EI-EYL
+
Airbus A320 9 156 (12/144), 168 (12/156), 180 Халықаралық және жергілікті рейстер
EI-DXY, EI-DZR, VQ-BBM, VQ-BDQ, VQ-BDY, VQ-BDR, EI-EYR, EI-EYS, EI-FAJ
+
Ан-148-100B 6 75 Халықаралық және жергілікті рейстер (Архангельск, Екатеринбург, Киев, Минеральные Воды, Москва, Новый Уренгой, Пермь, Сыктывкар, және т. б.)
RA-61701, RA-61702, RA-61703, RA-61704, RA-61705, RA-61706
+
B-767-3Q8 3 [1]

Ұшулар географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Airbus A319 (борт нөмірі VP-BTQ)

2013 жылдың көктемгі-жазғы рейстер кестесі географиясы 19 Ресей қаласын, 13 ТМД қаласын және басқа мемлекеттердегі 25 бағыттан тұрады.[3]

Мәскеу:

3 әуежайдан ұшып шығу: Шереметьево, Домодедово, Внуково
Күніне 16 рейске дейін;
Ұшып шығулар таңертең және кешке — әр жарты сағат сайын.

Ресей:

Анапа, Архангельск, Екатеринбург, Калининград, Краснодар, Красноярск, Минеральные Воды, Мурманск, Жаңасібір, Новый Уренгой, Омбы, Пермь, Дондағы Ростов, Самара, Сочи, Сыктывкар, Түмен, Үфі, Челябі, Южно-Сахалинск

ТМД:

Алматы, Павлодар, Баку, Бішкек, Душанбе, Ереван, Қаршы, Киев, Ақмешіт, Куляб, Наманған, Одесса, Ош, Самарқан, Ташкент, Хожант
Airbus A320 (борт нөмірі VQ-BDQ)

Басқа мемлекеттер:

Амстердам, Барселона, Берлин, Вена, Гамбург, Дубай, Дюссельдорф, Женева, Зальцбург, Ираклион, Ларнака, Лондон, Милан, Мюнхен, Ницца, Увда, Париж, Прага, Рим, София, Ыстанбұл, Стокгольм, Тель-Авив, Майндағы Франкфурт, Хургада, Шарм-эш-Шейх

Мәскеуден:

Ницца

Туристік компаниялармен бірігіп әуе компаниясы чартерлік рейстерді жүзеге асырады:

Анталия, Коломбо, Лиссабон, Родос, Таба, Тенерифе, Тиват, Хургада, Шарм-эш-Шейх

Серіктес әуе компаниялармен бірге орындалатын рейстер:

Хельсинки, Бейжің, Прага, Карловы Вары, Вена, Зальцбург, Инсбрук, Будапешт, Мадрид, Сеул, Осло, Цюрих, Копенгаген, Стокгольм, Рига, Варшава, Киев, Гәнжә, Кишинёв, Минск және т.б.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Для перевозки первых лиц государства создан «Специальный летный отряд „Россия“»
  2. ГТК «Россия» будет акционирована, а затем сольется с «Аэрофлотом»
  3. Россия - Российские авиалинии :: Весенне-летнее расписание полетов авиакомпании "Россия". Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 сәуір 2013. Тексерілді, 3 сәуір 2013.
  4. Заключенные договоры «Код-шер» между ФГУП «ГТК Россия» и другими авиакомпаниями Мұрағатталған 1 маусымның 2009 жылы.