Мазмұнға өту

Ровно облысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ровно облысының таңбасы
Ровно облысының туы

Ровно облысыУкраинаның құрамындағы әкімшілік бөлік. 1939 жылы 4 желтоқсанда негізі қаланған. Аумағы 20,1 мың шаршы шақырым. 1975 жылғы санақ мәліметтері бойынша, халқының саны 1092000 құрады. Облыс 15 ауданға бөлінеді. 9 қаласы, 16 қала типтес поселкесі бар. Орталығы Ровно қаласы. Ленин орденімен марапатталған.

Облыс жайындығы алғашқы жазба деректері Галицко-Волынский княздігі ретінде 1283 жылы жарық көрген болатын. Бұл жазбалар латын тілінде жазылған. Поляк тарихында «Rocznik kapituły krakowskiej» атымен белгілі. XV ғасырдан бері тарих сахнасында орын алған. Бұл мекен ХІV ғасырдың жартысынан Ұлы Литва княздігінің бір бөлігі болған. Ұлы княздің және Казимир патшалығының патшасы 4 Ягеллон кезінде, яғни 1492 жылы қала Магдебургтік құқыққа ие болады. 1518-1621 жылдар аралығында Острожстіктер княздігінің құрамына енеді. Ровно 1569 жылы Ұлы Литов Княздігінің құрамынан Польшаға көшеді. Андрусовтік келісімнің нәтижесінде 1667 жылы Ровно қаласы Речь Поспалитаяның қол астында болады. Сол жылы қаланы ауру жайлап, артынша 1691 жылы қалың өрт жаулады. 1706 жылы Орыс – швед соғысы кезінде қаланы Карл 7 әскері басып алды. Қала 1723 жылдан шляхтич Любомирскийдің қарауында болады. Қаланы дамыту Любомир отбасына тапсырылады. Олардың билігі кезінде қала орталық қала дәрежесіне дейін көтеріледі. Бұл отбасы 200 жылғы жуық билік құрады. 1792 жылы олардың сарайына Тадеуш Костюшко келеді.

1793 жылдан бастап қала Ресей империясының қарамағына өтеді. Уездік қала статусын алады. Азамат соғысы кезінде қала қолдан қолға өтумен болды. 1921-1939 жылдары Польшаның құрамында болады. 1939 жылдың қыркүйегінде қала УССР құрамына кіреді. 1941 жылдың 28 шілдесінде вермахтың қолына көшті. Осы жылдың 20 тамызынан 1944 жылдың 2 ақпанына дейінгі аралықта германдық Рейхкомиссариатының астанасы болды.

Өнерімен қала жұртшылығын тәнті еткен, қазірде өз жемісін беріп отырған Ровно облыстық музыка-драмалық театр, Ровно филармониясы. Сонымен қатар қалада қуыршақ театры, зоопарк, өлкетану музейі, 2 кинотеатр: кинотеатр «Украина» және 3D кинотеатр «Эра» жұмыс жасайды. Жастар мәдениет үйі облыстағы барлық бүлдіршіндердің екінші үйіне айналған. Мұнда әр түрлі үйірмелер мен секциялар бар.

Ровно облысы Припять облыс алабында орналасқан. Облыстың оңтүстік бөлігі Волынь қыратының солтүстік шетін, солтүстік жағын полесье ойпаты алып жатыр. Пайдалы қазбалары: шымтезек, әр түрлі құрылыс материалдары, гранит, базальт т.б. Климаты – қоңыржай континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы – 3,8 градус, ал шілде температурасы 18,5 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 560-620мм. Өзендері Днепр алабына жатады. Ең ірі өзені – Припять. Жері шым күлгін, батпақты, оңтүстік өңірі сұр күлгін топырақты келеді. Аумағының 34%-і орман және бұталы алқап.

Негізгі тұрғындары – украиндар. Олардан басқа орыстар, белорустар тұрады. Орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 54,3 адамнан келеді. Қала халқы 32%, Ірі қалалары – Ровно, Дубно, Здолбунов, Костополь.

Халық саны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жылы Халық саны
1858 5054
1897 24573
1939 43000
1959 59598
1970 115541
1979 178956
1989 227925
2001 248813
2007 248229
2012 250174
2013 250333

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ровно облысы оңтүстік-батыс экономикалық құрамына енеді. Өнеркәсібінің басты салалары – жеңіл, тамақ, ағаш өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру. Зығыр комбинаты, тігін, трикотаж, жиһаз фабрикалары, үй құрылысы комбинаты, цемент-шифер комбинаты, темір-бидон зауыды, машина жасау, химия кәсіпорындары орналасқан. Облыс электр энергиясын добротвор аймақтық электр станциясынан алады. 1974 жылы егісі 673,8 мың га болды, соның ішінде дәнді дақылдар 281,9 мың га, техникалық дақылдар 75,6 мың га, бақша дақылдары 93,5 мың га, жемшөп 222,8 мың га. Облыстың мал шаруашылығы алға қойылған. 1975 жылғы есеп бойынша облыстағы ірі қара саны 746,1 мыңды құрады, шошқа 508,7 мың, қой мен ешкі 133,6 мың болды.

Темір жолының ұзындығы 579 шақырым. Басты темір дол тармағы Шенетовка – Здолбунов – Ровно – Ковель, Ровно – Здолбунов – Львов. Автомобиль жолының ұзындығы 7,8 мың шақырым. Горынь және Стырь өзендерінде кеме жүзеді. Украина су шаруашылығы инженерлер институты, педагокикалық институт, 16 арнаулы орта оқу орны, муз-драма театры, филармония бар. «Қызыл ту» газеті басылып шығады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Украина районы, М., 1969(серия «Советский союз»)