Рентгенограмма

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Рентгенограмма[1]рентген сәулесінің затпен әсерлесу құбылысы негізінде нысанның жарық сезгіш материалдарға (фототаспа, фотопластинка) түсіріліп алынған кескіні. Нысанды рентген сәулелерімен жарықтандыру кезінде рентген сәулелерінің жұтылуы, шағылуы не олардың дифракциясы байқалады. Нысанның “көлеңке” түріндегі кескінін беретін Рентгенограмма, зерттеліп отырған нысанның түрлі бөліктерінде рентген сәулелерінің бірдей жұтылмауынан болады (абсорбц. Р.). Мұндай Р. биол. нысандарды зерттеу үшін (әсіресе медицинада), материалдар мен құрылымдардағы әр түрлі ақауларды табу үшін (қ. Дефектоскопия), анорганик. материалдар құрамының біртекті еместігін анықтау үшін қолданылады. Дифракц. Рентгенограмма кристалдық үлгілер арқылы өткен рентген сәулелерінің дифракц. шашырауы нәтижесінде алынады. Оны зерттеу мақсаттарында рентгенқұрылымдық талдау жүргізу үшін пайдаланады. Рентгенограмманы алу үшін әр түрлі жарық сезгіш материалдар мен рентген камералары қолданылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақша энциклопедия 7 том.