Мазмұнға өту

Реквизиция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Реквизиция[1]— азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз құнын төлей отырып мемлекеттің меншіктенуі. Реквизиция заңда көрсетілген тәртіпте, төтенше (апат, жұқпалы аурудың тарауы, індет, тағы басқа) немесе әскери жағдай уақытында ғана өкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады. Төлем мөлшеріне қанағаттанбаған мүлік иесі сот тәртібімен дауласуға және Реквизицияға негіз болған жағдай жойылған соң мүліктің (әлі бар болса) қайтарылуын талап етуге құқылы. Мүлік қайтарылған жағдайда меншік иесі алған төлемін мемлекетке өткізуге тиіс. Бірақ мұндайда мүлік құнының кемігені ескеріледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9