Рабат (қала)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Елорда
Рабат
араб.: الرباط
бербер ⴰⵕⴱⴰⵟ
Ту
Ту
Әкімшілігі
Ел

 Марокко

Облыс

Рабат — Сале — Кенитра

Префектура

Рабат (қала)

Мэр

Мохамед Садики

Тарихы мен географиясы
Координаттары

34°01′31″ с. е. 06°50′10″ б. б. / 34.02528° с. е. 6.83611° б. б. / 34.02528; -6.83611 (G) (O) (Я)Координаттар: 34°01′31″ с. е. 06°50′10″ б. б. / 34.02528° с. е. 6.83611° б. б. / 34.02528; -6.83611 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1146 жылы

Жер аумағы

113 км²

Орталығының биiктігі

75 м

Климаты

тропикалық

Тұрғындары
Тұрғыны

548 000 адам (2018)

Тығыздығы

5099 адам/км²

Агломерация

4 769 400

Ресми тілі

араб тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

537

Пошта индекстері

10000–10220

rabat.ma  (фран.)

Рабат картада
Рабат
Рабат

Рабат (араб.: الرباط‎) — Марокконың астанасы, оның мәдени және өндірістік орталығы. Сале қаласы Рабатпен іргелес, одан Бу-Регрег өзенімен бөлінген және онымен бірге астаналық агломерациясын құрайды. Марокконың астанасы CNN-дің «2013 жылдың ең жақсы туристік бағыттар»[1] тізімінде екінші орынды иеленді. Мароккодағы төрт империялық қаланың бірі және Рабат Мединасы Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген.

Этимологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ол XII ғасырда жатжерліктерге қарсы күресу үшін бекініс қонысы ретінде құрылды және бастапқыда Рибат әл-Фатх деп аталды, мұнда арабтың рибаты «нығайтылған әскери лагер», «шекара әскери бекеті», фатх - «жеңіс», яғни «жеңіс лагері». Қала бұл атаққа әскери маңыздылығына байланысты 1170 жылы ие болды[2]. Алайда, қазіргі қолданыста атау нысанның табиғатын анықтайтын - Рабат терминін ғана сақтап қалды, Рибат - дұрыс арабша айтылуында.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Атлант жағалауында, Бу-Регрег өзенінің сағасы бойында, Атлас тауларының етегінде орналасқан порт қала. Елдің ең үлкен қаласы және порты - Касабланка оңтүстік-батысқа қарай 90 км жерде орналасқан.

Б.з.б. III ғасырдан бастап Бу-Регрег өзенінің жағасында пунилік Шелла елді мекені болды, оның негізгі кәсібі Карфагенмен сауда болды. 40 жылы римдіктер оны Сала Колония қаласына айналдырды. Шамамен 250 жылы қала берберлердің қолына өтті. 1146 жылы Әлмохаттардың Марокконың Атлантикалық жағалауын жаулап алуы кезінде Абд әл-Мумин[3][4] бұл жерде Андалусияға шабуыл жасау үшін бекініс салды. Қаланың қазіргі атауы алғаш рет 1170 жылы «жеңімпаз» дегенді білдіретін «Рибат әл-Фатх» түрінде жазылған.

Рабат өзінің ең гүлденген кезіне Абд әл-Муминнің немересі Жақып әл-Мансұрдың (1184-1199) кезінде жетті, ол Әлмохад мемлекетінің астанасын Марракештен Рабатқа[5] көшірді. Ол қалада Ұдая Қасбасы бекінісін қоса көптеген құрылыстар салды, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен мешітке айналуы керек болатын мешіттің құрылысын бастады. Оның мұнарасы 86 м биіктікке жетуі керек еді, бірақ Жақып қайтыс болған кезде тек 44 м-ге дейін аяқталды, содан кейін құрылыс тоқтатылды. Аяқталмаған мұнараның сол дәуірдегі Севильядағы Жиралда және Марракештегі Кутбия сияқты ғимараттарымен көп ұқсастықтары бар.

Жақып қайтыс болғаннан кейін Рабат құлдырай бастады. Әлмохад мемлекеті Испания мен Солтүстік Африка бөлігіндегі көптеген жерлерінен айырылды, бұл сайып келгенде оның күйреуіне әкелді. XIII ғасырда бүкіл Мароккоға Мариниттер әулетінің билігіне өтіп, Рабаттың экономикалық қуаты Маринидтердің астанасы Феске көшті. 1515 жылы саяхатшы әл-Уассан бүкіл Рабатта жүз тұрғын үй ғана қалған деп хабарлады. Рабаттың қайта тірілуі морисколардың Испаниядан қуылуымен байланысты. Көптеген морисколар Рабатқа қоныстанып, оның экономикалық өсуіне ықпал етті.

1627 жылы Рабат пен көршілес Сале қаласы Бу-Регрег республикасы[6] ретінде бірікті. Республиканы осы қалаларды кемелерге шабуыл жасау үшін порт ретінде пайдаланған бербер қарақшылар басқарды. Қарақшылар 1666 жылға дейін Марокко Әлауіттер әулетінің басқаруына біріктірілгенге дейін ешқандай орталық билікпен қақтығысқан жоқ. Алауиттердің Бу-Регрег республикасын өзіне бағындыру әрекеттері нәтижесіз аяқталды, ал соңғысы 1818 жылға дейін өмір сүрді. Тіпті, республика құлағаннан кейін де қарақшылар Рабат айлағын басқарды, бұл қарақшылар шабуылынан австриялық кеменің жоғалуынан кейін австриялық флоттың қаланы атқылауына алып келді.

1912 жылы Фес келісімі бойынша Франция Мароккода протекторат құрды[7]. Мароккодағы француз әкімшілігінің басшысы Юбер Лиотте астананы Фестен Рабатқа көшірді. Бұл шешімнің себептерінің бірі - Феске қауіп төндірген және үкіметтің бұл жерде болуын қауіпті еткен бербер көтерілістері. Сұлтан Мулай Жүсіп бұл шешіммен келісіп, Рабатқа көшті. 1913 жылы Лиотэ Анри Простқа әкімшілік ғимараттар орналасуы керек Рабаттың қазіргі кварталы Уил-Нувелді құруды тапсырды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Құрама Штаттар Рабаттағы бұрынғы француз авиабазасында әскери бөлім құрды. 1956 жылы Марокко тәуелсіздік алғаннан кейін, король V Мұхаммед үкіметі 1958 жылы Ливанға Американың интервенциясынан кейін[8], АҚШ әскери-әуе күштерінің Марокко базаларын қалдырғанын қалады. Құрама Штаттар 1959 жылдың желтоқсанынан бастап елден кетуге келісіп, 1963 жылға қарай Мароккодан толықтай шығып кетті.

Корол Рабатты астана етіп қалдырды.

Рабат жерортатеңіздік климатқа ие. Сонымен қатар, суық Канар ағысы жазғы температураны едәуір төмендетеді, ал жаз айларында көлеңкеде 40 °С-тан немесе одан да көп асып кетеді, бірақ бұл Сахарадан ыстық ауа массалары күшті шабуылы кезінде ғана мүмкін, қалыпты күндіз жазғы температура 25-28 °C-қа ауытқиды, түні салқын. Ең жылы ай - тамыз, орташа температурасы 22 °C, бұл жерортатеңіздік климаты бар көптеген қалаларға қарағанда әлдеқайда төмен. Бірқалыпты климат Рабатты әлемдегі ең қолайлы қалалардың біріне айналдырады - жыл бойы қаладағы температура жайлы климат шегінен сирек шығады.

Әдетте қысы жұмсақ, бірақ қыста орта есеппен 1-2 түн аяз болып тұрады. Қар өте сирек жауады, бірақ жабуы мүмкін. Қаңтардың орташа температурасы шамамен 12 °C құрайды, сондықтан қаланың маусымаралық ауытқуы тек 10 °C шамасында. Барлық жауын-шашын қыс айларында болады, жазда жауын-шашын өте сирек кездеседі.

Рабат ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел Жыл
Абсолюттық максимум, °C 27 31 35 38 41 42 46 45 44 38 34 28 46
Орташа максимум, °C 17,2 17,7 19,2 20,0 22,1 24,1 26,8 27,1 26,4 24,0 20,6 17,7 21,9
Орташа температура, °C 3 5 6 9 11 13 16 12 10 8 6 4 10
Орташа минимум, °C 3,4 5,2 6,3 10,4 12,7 15,4 17,6 17,7 16,7 14,1 11,1 8,7 12,5
Абсолюттық минимум, °C −4 −3 1 4 6 9 12 12 9 5 1 −2 −4
Жауын-шашын нормасы, мм 77 74 61 62 25 7 1 1 6 44 97 101 555
Су температурасы, °C 16 16 18 19 22 25 26 27 24 21 18 17 27
Дерекнама: [9][10]

Әкімшілік бөлініс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Префектура әкімшілік жағынан келесі бөліктерге бөлінеді:

Атауы Географиялық код Тип Үй шаруашылықтары Тұрғындары (2014) Шетелдік тұрғындар Марокандық тұрғындар
Агдал Рияд 421.01.01. аудан 22,399 77,257 4,572 72,685
Әл-Юсуфия 421.01.03. аудан 42,312 170,561 2,858 167,703
Хасан 421.01.05. аудан 32,848 108,179 2,151 106,025
Суиси 421.01.06. аудан 5,924 23,366 1,203 22,163
Туагра 421.01.07. муниципалитет 812 3,932 8 3,924
Жақып әл-Мансұр 421.01.09. аудан 47,375 194,532 2,099 192,433

Көлік жүйесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рабат пен Сале заманауи трамвайы

Көрікті жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рабаттың ескерткіштері, ортағасырлық қана емес, сонымен қатар жаңа қаланың жайғасымы (XX ғасырдың ортасы) 2012 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.

  • Рабат патша сарайы
  • V Мұхаммедтің кесенесі
  • V Мұхаммед даңғылы
    • Поштамт
    • Парламент
    • Әл-Мағриб банкі
  • Удайя Қасбасы
    • Андалуз бағы
    • Шолу алаңы
    • Баб Әл-Кебир қақпасы
  • Нуз Ассан бағы
  • Рабат шамшырағы

Туыстас қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Густерин П.В. Араб Шығысының қалалары — 2007.
  • Поспелов Е. М. Әлемнің географиялық атаулары. Топонимикалық сөздік / Р. А. Агеева — 2-басылым. — Мәскеу: Русские словари, Астрель, АСТ, 2002. — 512 б. — 3000 таралым. — ISBN 5-17-001389-2.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Top travel destinations for 2013 - CNN.com. Edition.cnn.com (2 қаңтар 2013). Тексерілді, 12 наурыз 2013.
  2. [1] = تاريخ رباط الفتح - عبد الله السويسي.
  3. Britannica, Rabat, britannica.com, USA, accessed on July 7, 2019
  4. Abd al-Mumin facts, information, pictures | Encyclopedia.com articles about Abd al-Mumin  (ағыл.).
  5. History of Morocco, Henri Terrasse, 1952
  6. Levant, Yves; Maziane, Leïla The Republic of Salé (1627–1641/1666); an alternative pirate organization model? (en) : journal. — Management & Organizational History, 2017. — Т. 12. — № 1. — б. 1—29. — ISSN 1744-9359.
  7. History of Morocco  (ағыл.).
  8. Roman Adrian Cybriwsky, Capital Cities around the World: An Encyclopedia of Geography, History, and Culture, ABC-CLIO, USA, 2013, p. 253
  9. "Hong Kong Observatory". Гонконгтік обсерватория. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 тамыз 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 17 тамыз 2009.
  10. "Average Conditions Rabat, Morocco". BBC Weather. Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 қаңтар 2009.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 17 тамыз 2009.