Приквел
Приквел (ағылш. prequel, контаминация pre-(дейін)) — белгілі бір туындыдағы оқиғалардың алдында болған жағдайларды баяндайтын кітап немесе компьютерлік ойын. Приквелдегі оқиғалар белгілі бір хронология бойынша, сиквелге дейінгі оқиғаларды көрсетеді. Оксфорд сөздігіне сүйене отырып, ең алғаш приквел термині 1958 жылы қолданысқа енді деп тұжырымдауға болады. Бұл термин Өкіл әке 2 фильміне қатысты жиі айтылған. Термин ағылшын тілді мәдениетке 1990 жылдары енді (кейіннен өзге тілдерге еніп, өзгеріске ұшырады фр. préquelle - приквел, фр. séquelle—сиквел). «Жұлдызды соғыс» фильмі бұл үрдісті жылдамдатты.
Приквелдің пайда болу себебі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Егерде белгілі бір туынды коммерциялық тұрғыдан сәтті болып, көрермен тарапынан жақсы пікірлер туындатса, алайда туындыны жалғастыруға мүмкіндік болмаса (мысалға басты кейіпкер қаза болуы мүмкін) бұл жағдайда приквелдер сериясы жасалынуы мүмкін.[1][2] Мысалға ең түсімді фильм болған «Бутч Кэссиди және Сандэнс Кид» вестернінен кейін, қаһармандардың өткен шағын суреттейтін «Бутч және Сандэнс: жастық шақ» фильмі түсірілді. Ал өте танымал «Жұлдызды соғыстар» трилогиясынан кейін бірден үш приквел түсірілген болатын. [3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Burgess, Steve Richard Lester: A Hard Day's Life (26 маусым 1999). — «Lester may also have locked up the dubious distinction of inaugurating the term 'prequel' in 1979 when he directed 'Butch and Sundance: The Early Days.'»
- ↑ Deever, Chris On prequels and The Prequel. TruthInStuff (28 мамыр 2001). Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 қаңтар 2004.
- ↑ Энциклопедия кино. 2010. Пётр Карцев