Прага бекініс
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Прага қамалы, Прага бекінісі (Pražský hrad, Hrad) Чех Республикасының астанасы Прагада орналасқан қамал және Чехия президентінің резиденциясы. Бұл қамал дүниедегі ең үлкен қамал кешені. Прага қамалының негізі ханзада Боживойдың бұйрығы бойынша тоғызыншы ғасырда қаланып, 1918 жылға дейін чех патшаларының резиденциясы болды. Бұл кешендегі ғимараттардан романдық, готика, барокко және ренессанс стильдерінің әсерін байқауға болады. Прага бекінісінің ішінде патша сарайы, христиан діни ғимараттары (романдық және готикалық соборлар), патша бағы, діни қызметкерлердің мекені, суреттер галереясы және Президент Кеңсесі сияқты ғимараттар орналасқан.
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Әулие Георгий соборы (pомандық собор)
-
Владислав залы (Ескі патша сарайында орналасқан готикалық зал)
-
Әулие Вит соборы (готикалық собор)