Мазмұнға өту

Понт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Понт

Понт (көне грекше: Πόντος, лат. Pontоs, арм. Պոնտոս, груз. პონტო) — Кіші Азияның солтүстігіндегі әр түрлі тайпалар (тибарендер, мосинойктер, макрандар, бехирлер, халибтер, сандар т. б.) мекендеген ежелгі аймақ. Парсы патшаларына алым-салық төлеп тұрған. Б.з.б. 502 жылы парсы патшасы I Дарий Понтты өзіне тәуелді етті. Б.з.б. IV ғасырдың 2-жартысынан Понт Ескендір Зұлқарнайын империясының құрамына енді. Империя ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін сақтап қалды. Б. з. б. 301 ж. Митридат III тұсында Понт «Понтий патшалығы» болып аталды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том