Полис (ежелгі қала)
Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Мемлекеттік аппараты халық жиналысынан, кеңестен және сайланып қойылатын түрлі қызмет адамдарынан (магистраттардан) тұрды. Халық жиналысы билеушінің мемлекетті басқару құқын қамтамасыз етіп отырды. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды. Спарта егіншілік Полиске, Коринф сауда-қолөнері Полисіне жатты. П. Грекияда б.з.б. 4 ғасырдың басында, Римде б.з.б. 3 — 1 ғасырларда дағдарысқа ұшырап, жойылды.
Толығырақ... Антикалық қоғамның жеткен жетістіктерінің бірі – мемлекет құрылымының ерекше түрі полис болды. Ол азаматтық қауым негізінде пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі қауым мен мемлекет бір – бірімен бірігіп кетті. Полис –қала–мемлекет те осылай пайда болды. Ежелгі Грекия мен ең ірі , әрі ықпалды полистары – Афины мен Спарта болды. Полистің орталығы қала болып , оның сыртында қауым мүшелері , қарапайым адамдарға тиесілі жерлер болды.Әрбір жанұя өз шаруашылығын дербес жүргізіп , тәуелсіз болды . Полис мүшелері , қауымның тең құқылы мүшелері барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болды. Олар өздері мемлекетті кейіптеп , полисті бірлесе басқарды. Биліктің мұндай түрі демократия деп аталды. Полистің әрбір азаматы , жер иесі немесе еңбекші болсын , мемлекет өміріне белсене араласты.Барлық мемелекеттік лауазымдар сайланбалы болды. Лауазымды тұлғаларды сайлайтын және маңызды мәселелер бойынша түбегейлі шешім қабылдайтын орган Халық мәжілісі болды. Оған 20 жасқа толған тең құқылы әрбір адам араласа алатын.Мәжіліс кезінде байлық мөлшеріне , қызмет түріне , тұрмыс салтына қарамастан бәрі тең болды.Жиналыстар тұрақты түрде , мысалы , 9-10 күнде бір рет афинада өткізіліп тұрды. Күн тәртібіне полис азаматын толғандырған кез – келген мәселе қойылды. Әрбір адам заң жобасын ұсынып, өз көзқарасы тұрғыдан сөйлеп , қатысушыларды өз сөзінің растығына сендіруге құқылы болды. Жиналысқа қойылған мәселелер кеңінен талқыланды. Барлық пікірлер тыңдалып болғаннан кейін , дауысқа салынатын. Заң бойынша дауыс беру – қол көтеру арқылы , ал басқару органдары мен сотта – жеребе тастау арқылы жүзеге асты. Афиныдағы халық мәжілісі жылына бір рет қуғын-сүргінге арналатын. Қатысушылар өз ойларынша афиналық демократияға қауіп төндіріп жүрген азаматтың есімін жазады.Қатысушылардың жартысынан астамы қарсы дауыс берген кез – келген адам елден аластатылатын.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |