Полимеразды тізбекті реакция
Полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) — биологиялық материалдағы анықталатын нуклеин қышқылдарындағы (ДНҚ) аз концентрациялы фрагменттердің айтарлықтай ұлғайтылуын қамтамасыз ететін молекулярлық биологиядағы эксперименталды әдіс.
ДНҚ-ны амплификациялаудан басқа ПТР нуклеин қышқылдарына әр түрлі әсер етуге мүмкіндік береді (мутация, ДНҚ фрагменттерін тұтастыру). Сонымен қатар, ПТР биологиялық және медициналық практикада кеңінен пайдаланылады, мысалы, мирастық немесе инфекциялық ауруларды анықтау, әкелікті орнату, гендерді клондау, жаңа гендерді бөліп шығару, т.б.
ПТР-ды іске асыру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әдіс нуклеин қышқылының белгілі бір үлескісінің қайталанып отыратын таңдаулы көшірмеленуіне негізделген. Бұл үрдіс ферменттердің көмегімен жасанды жағдайда жүзеге асады (in vitro).
Реакция компоненттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ПТР-ды ең қарапайым жағдайда жасау үшін келесі компоненттер керек болады:
- Амплификация жасалатын ДНҚ үлескісі бар ДНҚ-матрица
- Талап етілетін ДНҚ фрагменті әр түрлі тізбектерінің ұштарына комплиментарлы екі праймер
- Жоғары температураға тұрақты ДНҚ-полимераза - ДНҚ полимеризациясын катализдейтін фермент.
- Дезоксирибонуклеозидтрифосфаттар (dATP, dGTP, dCTP, dTTP)
- Полимеразаның қызметіне қажетті Mg2+ иондары
- Реакцияға қажетті жағдайларды (pH, ерітіндінің иондық күші) қамтамасыз ететін буферлік ерітінді
Реакция барысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әдетте ПТР жүргенде әрбіреуі 3 сатыдан тұратын 25-30 цикл жүзеге асады
Денатурация
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ДНҚ тізбектері таралып, ширатылып кетуі үшін екітізбекті ДНҚ матрицасын 94-96°C-қа дейін 0,5-2 мин қыздырылады. ДНҚ тізбектері арасындағы сутектік байланыстар үзілетіндіктен, бұл кезең денатурация деп аталады.
Суыту
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тізбектер бөлінген соң, праймерлер байланысу үшін температураны төмендетеді.
Элонгация
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ДНҚ-полимераза матрицалық тізбекті праймерлер арқылы репликациялайды.