Мазмұнға өту

Пицца

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Пицца (итал. pizza) — Италияның ұлттық тағамы. Ашыған қамырдан дайындалатын, ашық бетіне күрделі салма салынған таба нан немесе пирог. Қамырға ашытқы көбірек салынады (1 кг ұнға 60 г ашытқы). Салма ретінде шұжық, жіңішке шұжық, саңырауқұлақ, зәйтүн, қызанақ, тәтті бұрыш және т.б. қолданылады. Көптеген түрлерінде салмаға ысқыланған қатты ірімшік қолданылады.

Пиццаның прототиптері (алғашқы нұсқалары) көне гректер мен көне римдіктерде болған. Ол кейбір астардың нан үзінділеріне салынған күйінде дастарханға қойылған. Қызанақтардың Еуропаға әкелінуімен байланысты 1522 жылы Неапольде итальяндық пицца үлгісі қалыптасты. XVII ғасырда пицца даярлайтын арнайы адамдар («pizzaiolo», «пиццайоло») пайда болды.

A.
Маргарита пиццасы

Пиццаны дайындау екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Бірінші тәсілде піскен таба нанның үстіне салмасын салып дайын болғанша қайта пісіреді, ал екінші тәсілде салманы шикі қамыр үстіне салып пісіреді. Пиццаларды шағын табаларда пісіреді. Дайын тағам үстіне өсімдік майын себелеп көктермен әшекелейді.[1]

Астағы қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі классикалық пиццаны қолдану алдында арнайы пышақпен 4, 6, 8 және көбірек бөліктерге кесіп қолмен жейді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
  2. [1], Орысша уикипедиядан аударылған.