Пероксоқышқылдар
Көрініс
Пероксоқышқылдар — сутек пероксидіндегі (Н2О2) сутек атомдары қышқылдық қасиеті бар топпен алмасқанда түзілетін қосылыстар. Мысалы, HNO4 (пероксоазот қышқылы), H2SO5 (пероксомонокүкірт қышқылы), H2S2O5 (пероксодикүкірт қышқылы), H3PO5 (пероксомонофосфор қышқылы), т.б. Пероксоқышқылдарға тән қасиет: гидролизденіп сутек пероксиді мен ыдырау нәтижесінде күшті тотықтырғыш оттекті бөліп шығарады. Пероксоқышқылдар органикалық синтезде тотықтырғыш ретінде, мата, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, медицина мен косметикада, ауыл шаруашылығында, т.б. салаларда қолданылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |